Инвестициялық портфельді басқарушылар

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 4,3 млрд теңгеден асады.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1,9 млрд теңгені құрады. Олардан Exchange Traded Funds (ETF) пайлары сатып алынды, олар 42,59%, ҚРҰБ ноталары (портфельдің 36,64%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ портфельдері (17,16%), кері РЕПО операциялары (3,48%), қалған активтер (0,14%) инвестициялық шоттардағы ақша қаражаттарында. Портфельдің 57,32% теңгемен, 42,68% АҚШ долларымен.

 Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 01.07.2021 жылы есептелген  инвестициялық табыс мөлшері 41,42 млн теңгені құрады.  Зейнетақы активтерінің табыстылығы 4,30 % құрады.

"Jusan Invest" АҚ  басқаруындағы эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында берілген.

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері 1 шілдеге 1,1 млрд. теңгені құрады. Кері РЕПО операциялары портфелінің құрылымында 66,28%, ҚРҰБ ноталары (портфельдің 15,66%), шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (13,40%), ЕДБ облигациялары (4,58%) мен шоттардағы ақша қаражаты (0,07%) құрайды. Ұлттық валютада портфельдің 86,59%, АҚШ долларында 13,41% номиналданған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері (қызмет басталғаннан бері 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша) 20,36 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,32 пайызды құрады.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында берілген.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері  818,0  млн теңгені құрады. Олар кері РЕПО операцияларына (34,40%), пайларға (ETF индекстеріне) (26,45%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (14,18%), ҚР ЕДБ облигациялары (6,94%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (9,02%), ХҚҰ облигацияларына (7,96%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (1,05%) бөлінген. Ұлттық валютада портфельдің 63.98%, АҚШ долларында 36.02% номиналданған.

15.03.2021 жылдан 30.06.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 18,13 млн теңге. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,96 %.

"BCC Invest" АҚ  басқаруындағы эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында берілген.

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 447,2 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланған (94,07%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (5,92%) инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты (0,01)%. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

01.04.2021 жылдан бастап 30.06.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 10,64 млн теңгені құрады. Инвестициялық қызмет пен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 2,76%  болды.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ  басқаруындағы эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында берілген.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлігінің «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімінде инфестициялық портфельдің  құрылымы бойынша жалпы ақпарат жарияланған.  

 

Дата публикации
18 августа 2021