АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 2021 жылы «16» тамыз айында сағат 16-00-де кәсіпкерлік мақсатқа ғимаратқа қызмет көрсету үшін  жер телімдерін сатуға АУКЦИОН өткізіледі. Аукцион өткізілетін мекен-жай: Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы Төле би көшесі №240 әкімдіктің мәжіліс залында.

Шу ауданы аумағындағы жалпы көлемі 3,6886 га жер учаскесіне аукцион арқылы ағылшын тәсілімен сатылым жүреді.

Сатылатын жер телімі жеке меншік түрінде.

Сатылымға қойылатын жер телімдерінде шектеулер  мен ауыртпалықтар жоқ.

Сатылымға қойылатын жер телімдеріне қойылатын салық мөлшері:

  • Шу қаласы – 1ш.м. 10,32 теңге;
  • Төле би ауылы және басқа да ауылдар – 1ш.м. 0,72 теңге;
  • Бірлік ауылы – 1ш.м. 10,32 теңге;

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:  1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 3)өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Электрондық өтініш берілген жағдайда, жоғарыда аталған 2), 3) тармақшаларында тізбеленген құжаттар құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Аукцион өткізілу шарты:

Сауда саттықтың ағылшындық әдісінде аукционшы нысанның бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылар нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады. Бірақ, ол жарияланған бағадан кем болмауы керек. Аукционшы нысанды сауда-саттыққа салуға қатысушылардың нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендірілетін нысанның саудасына кемі екі қатысушы бастапқы бағаны көтерген жағдайда ғана нысан бойынша сауда-саттық өтті деп саналады.

 

 

Жер телімін сату шарты:

Нысанаға байланысты пайдалану, игеру шартын тұжырымдау обьектінің жобасын алу үшін сәулеттік жобалау тапсырмасын алу, сервитутты белгілеу, уақтылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер телімінің құны сауда-саттықтың шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күннен кешікпей 50 пайыз көлемінде аванс ретінде төленеді, қалған сомасы 30 күнтізбелік күннен кешікпей сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап төленуі тиіс. Аукционға арналған кепілдік жарна әр бір обьекті бойынша обьектінің бастапқы бағасының 5 пайыздық мөлшерінің қосылған нәтижелерден орташа арифметикалық өлшем мен аукционға қойылатын обьектілердің бастапқы бағасының ең азының негізінде барлық обьектілер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді.

Кепілдік жарна Депозиттік шот, Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі БИН-060240007420; БСК KKMFKZ2A; ЖСК KZ900705034631752006; КНП-171 ММ Коды 4631752       

ҚР Қаржы Министрлігінің қазыналық комитеті Шу ауданы, алушы - Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі.

Сауда-саттыққа өтініш қабылдау мына мекен жайда жүргізіледі: Төле би ауылы, Әубәкіров көшесі №30. Аукционға қатысу тәртібі бойынша қосымша ақпараттарды Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінен алуға болады, телефон 8 (726 38)3-25-63, факс 3-25-63.

 

Сауда-саттыққа ұсынылып отырған жер телімдерінің

ТІЗБЕСІ

(аукцион  ағылшын әдісі бойынша жүргізіледі)

 

№

Орналасқан жері

Кадастрлық коды

Лот

Жер телімінің көлемі, га

Жер телімінің бастапқы бағасы (тенге)

Жарғылық төлем 5%

Құқық түрі

Пайдалану мақсаты

1

Шу қаласы Текебай көшесі

06-100-002

1

0,1500

733 500

36 675

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

2

Шу қаласы Сейфуллин көшесі

06-100-003

2

0,0700

342 300

17 115

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

3

Жаңа жол ауылдық округі жеріне қарасты

06-096-072

3

0,1000

124 800

6 240

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

4

Ақтөбе ауылдық округінін жеріне қарасты

06-096-007

4

0,5000

936 000

46 800

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

5

Шу қаласы Жанкулиев көшесі жер телімінде

06-100-001

5

0,1500

733 500

36 675

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

6

Шу ауданы Дулат ауылдық округі жерінен

06-096-021-

6

2,7

5 054 400

252 720

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

7

Шу ауданы, Шу қаласы Сәтпаев көшесі бойынан

06-100-005-

7

0,0186

90 954

4 547,7

Жеке меншік

Кәсіпкерлік, ғимаратқа қызмет көрсету үшін

 

 

Дата публикации
03 августа 2021