Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандандырылған көпсалалы «Ауыз су-Шу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.

Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандандырылған көпсалалы «Ауыз су-Шу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады. 

            Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

             1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

            2) мамандығы бойынша техникалық ғылымдар және технологиялар саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

Жамбыл облысы «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бос тұрған мамандандырылған көпсалалы «Ауыз су-Шу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

081100,Шу ауданы, Шу қаласы, Қонаев көшесі №23 (2 қабат, 203 кабинет),

анықтама үшін телефон:8 (72643)7-05-03 (abs2050@mail.ru)

           

            Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандандырылған көпсалалы «Ауыз су-Шу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік)

Кәсіпорын қызметінің түрлері, нысанасы мен мақсаттары:

-Аудан елді мекендерінің және Шу қаласының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету;

-Ауыз суды өндіру және тұтынушыларға өткізу;

-Су жүйелеріне және су жинағыштарға ағымдағы және күрделі жөндеу, күту және техникалық жағынан қызмет көрсету;

-Заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру және пайдаланылған суға тұтынушылармен келісім-шартқа тұру;

-Заңды және жеке тұлғаларға су жүйесін жүргізуге және ішкі сумен қамтамасыз ету жүйелеріне ағымдағы және күрделі жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсету;

-Сумен қамтамасыз етуге көрсетілген қызмет үшін бекітілген тариф бойынша заңды және жеке тұлғалардан қолма-қол немесе есеп шотқа аудару арқылы есептесу;

-Төменгі қысымды газбен қамтамасыз ету жүйелерінің ішкі және сыртқы құрылыстарын жүргізу;

-Кәріздік ағынды суларды тасымалдау, кәріздік жүйелермен тазалау нысандарын күту;

-Жобалық- сметалық құжаттар дайындау;

- 0,4 квА дейінгі электрмен қамтамасыз ету жіне сыртқы, ішкі электр жарығының құрылысын жүргізу;

             Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

            Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

            Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, күнтізбелік он күн ішінде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қонаев көшесі, №23, мекен-жайда орналасқан Шу ауданы әкімдігінің тұрғын   үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде әңгімелесуден өтеді.

            Аталған лауазымға үміткерлер үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

 

Дата публикации
10 июля 2021