Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

 

1. Аудандық маңызы бар қалалардың,  ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Шу аудандық сайлау комиссиясы

25 маусым 2021 жыл

 (113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық «Шу өңірі-Шуская долина» газеті мен Шу ауданы әкімінің сайтына  жариялау

 

Шу аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шу аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Шу аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей-2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Шу ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде-2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 



Дата публикации
28 июня 2021