Жамбыл облысы бойынша экология департаменті Республикалық экологиялық қоғамдық кеңес отырысында өткен аймақтағы экологиялық жағдай, проблемалық мәселелер және олардың шешу жолдары туралы ақпаратт

 Жалпы аймақта қолдағы мәліметтер бойынша ауа атмосферасына ластағыш заттар шығаратын 12 618 көздер болса, оның ішінде  7 557-і тұрақты көздер болып табылады.

         Осы көздерден өткен жылы ауа атмосферасына шығаруға 125,078 мың тоннаға экологиялық рұқсат берілсе, нақты жағдайда 74,543 мың тонна ластағыш заттар шығарылған (өткен 2019 жылғы 81,4 мың тоннамен салыстырғанда 6,85 мың тоннаға азайған).

         Аталған жалпы көлемнің ішінен өнеркәсіп саласының шығарындылары көлемі 34,29  мың тоннаны құраса, оның ішінде тұйірлі (твердые) ластаушылары 0,008 мың тонна (8,73 тонна), газ тектестер (газообразные) 25,56 мың тоннаны құрайды. Мұның ішінде авария түрінде тасталғаны 92 тоннаны құрап отыр.

   Тараз қаласының ауа бассейнің ластануы қала аумағында орналасқан өндіріс орындары, жылу энергетика объектілері мен автокөліктердің шығарындыларына байланысты болып, әсіресе автокөліктерден бөлінетін  эмиссия көлемінің үлесі жоғары болып отыр. Оның бірден бір дәлелі өткен жылдың карантин кезеңінде Департаментің сынақтау зертханасының көше қиылыстарынан алынған ауа сапасын зерделеу нәтижесі. 

Дата публикации
24 июня 2021