2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №21 қаулысы  басшылыққа алынсын.

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шу өңірі» газетінде жариялансын.

 

                 Төраға                                                                                 Е.Вахитов

 

                Хатшы                                                                                 Н.Дильдан

 

 

Төле би ауылы

2026 жыл 13 қазан

№16

Дата публикации
13 октября 2026