«Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 «Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2022 жылғы 29 желтоқсандағы

№2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

             «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Шу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 17 (он жеті) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы Шу аудандық мәслихатына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шу Өңірі» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                      Төраға                                                                        Е.Вахитов

                      Хатшы                                                                        Н.Дильдан

 

Төле би ауылы,

13 қазан 2026 жыл

№15

 

Дата публикации
13 октября 2026