
Шу ауданы бойынша 28 мешітте ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы) бұйрығымен бекітілген 27 имам жұмыс істейді. Аудандағы 28 мешіттің барлығы бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Әр ауылдық округтерде дін саласына жауапты мамандар қызмет істейді. Қазіргі уақыттарда мешіт жамағаттарына, ауыл тұрғындарына дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Алдағы уақыттарға жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Дін – адамзат мәдениетінің маңызды қозғаушы күші болып табылады. Ғасырлар бойы дін адамды ізгілікке,мейірімділікке тәрбиелеп, жаман қылық әдеттерден аулақ болуға үйреткен. Дін деген өте бір жұмысақ, әрі нәзік механизм.