
Жаңа жол ауылында 1 мұсылман мешіті қызмет етеді. Мешіттің толық ресми атауы – «Күнту баба» мешіті. Мекенжайы Жаңа жол ауылы, Н. Секеұлы көшесі №72. Мешіттің ресми ашылған күні - 05.09.2005 жыл, қайта тіркеуден өткізілген уақыты - 31.08.2006 жыл. Жер телімінің ауданы (м2) - 1,244 шаршы метр, Мешіт ғимаратының ауданы – 0,8040 шаршы метр. Мешіттің сыйымдылығы - жалпы 200 адам. Күнделікті жиналатын жамағат саны (орта есеп, жұма күнін есептемегенде) – 15 адам. Жұма күндері жиналатын жамағат саны - 30 адам. Мешіт имамы – Ауесбаев Берік Архабайұлы. Мешітте 3 (үш) бейнебақылау камералары орнатылған, тұрақты жұмыс істеп тұр. Округ бойынша дін саласына жауапты маман қызмет істейді. Қазіргі уақыттарда мешіт жамағаттарына, ауыл тұрғындарына дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Дін саласы бойынша жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылып отырады.