
Әлеуметтік саланың басты бағыттарының бірі білім беру жүйесі болып табылады. Жаңақоғам ауылдық округінде 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 шағын орталық, 1 балабақша жұмыс жасайды. Жамбыл атындағы орта мектебінің сиымдылығы 792 орын, мектепте 510 бала оқып, 55 мұғалім еңбек етеді. І - санатты - 2, педагог модератор - 14, педагог сарапшы – 7, педагог – 1. Жамбыл атындағы орта мектебінде орналасқан 50 орындық шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. 11 адам жұмыспен қамтылып отыр.