
Көктөбе ауылында 1991 жылдың қараша айында 180 орындық Көктөбе ауылдық мәдениет үйі ашылған. Мәдениет үйінің ішінде 1 кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мәдениет үйінде толық 10 штат бар. Меңгерушісі Құдакелдиева Гүлзира Алмабекқызы және 1 оператор, 1 ұйымдастырушы, 1 үйірме жетекшісі, 1 шаруашылық меңгеруші, 2 еден жуушы, 2 күзет, 2 қазандық операторы бар. Ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған әуесқой балалар үйірмелері «Ұлттық би», «Заманауи би», «Көркемсөз», «Вокал» үйірмелері жұмыс жасайды. Аптаның дүйсенбі күнінен жұма күніне дейін барлық үйірмелер бала қабылдап, жұмыс жасауда.