GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Халық үшін ақпарат
Халықпен жұмыс
Жер қатынастары
11 февраля 2026
⚜️Хабарландыру

Уважаемые граждане, подавшие заявления на получение земельных участков для ведения личного подсобного хозяйства (ЛПХ) в период с 2006 по 2016 годы!
Согласно нижеуказанным спискам, просим вас явиться в аппарат акима Толебийского сельского округа для оформления земельных документов.
📍 Адрес: с. Толе би, ул. Толе би, №264 (здание сельской администрации).

Цифровизация
28 января 2025
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

      Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер  «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз.

      Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.

      Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын  booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десек те,  сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.

      Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.

      Айта кету керек, «ХҚКО» қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.

Халық үшін ақпарат
28 января 2025
Қазақстандағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайтылды

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%.

        Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс берушілер зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қатысып, БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) өз қызметкерлерінің пайдасына аудара бастады. Осылайша, Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш бөлікпен толықтырылды.  

        Әлеуметтік кодекске сәйкес, қызметкерлер өз кірістерінен төлейтін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы – ЖМЗЖ-ны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударады. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. Жұмыс берушінің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылдайтын жұмыскердің табыс сомасы тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақының (ЕТЖ) кем дегенде біреуін және көп дегенде 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

         Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ-ны уақытылы және толық төлеп отыруын бақылау ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.

        Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін МЗЖ-дан тағы бір ерекшелігі, ЖМЗЖ шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі болып саналмайды. Тиісінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. ЖМЗЖ зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген ЖМЗЖ қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады.

        ЖМЗЖ енгізу 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың ортақ зейнетақы алуға мүмкіндік беретін 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілінің жоқтығын немесе мүлде аз екендігін ескере отырып, осы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталған. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш құрамдауыш көзден, яғни базалық - мемлекеттен, жинақтаушы - БЖЗҚ-ға аударған міндетті зейнетақы жарналары және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын болады.  

Халық үшін ақпарат
16 сентября 2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтері 20 трлн теңгеден асты

 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,26 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі - 3,9 трлн теңге (немесе 23,7%).

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,32%-ы МЗЖ есебінен қалыптасқан, олардың көлемі 01.08.2024ж. шамамен 19,5 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23%, жыл басынан бері - 12,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары - 618,14 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 19,6%, ал жыл басынан бері 8,7% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 47%, жыл басынан бері 26,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі - 6,7 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 7 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 120,5 млрд теңгеге жетті.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы қаңтар-шілде айларында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 1,55 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,5% немесе 353,5 млрд аса теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.08.2024 жылға дейін 1,36 трлн теңгеден астам (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5% артық), МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға шамамен 66,01 млрд теңге (өсім 20,4%), ЕЗЖ - 1,7 млрд теңге (өсім 34,4%) түсті.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.08.2024 ж. шамамен 1,38 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 620,3 млрд жуық теңгеге (немесе 81,5%) артты.

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 608,64 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 322,4 млрд теңгеге немесе 112,7% көп.

266,16 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 114,5 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37,4% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 34,83 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 22,21 млрд теңгеден астам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,8 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер – шамамен 5,9 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 163,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 847 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.  

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 16,46 млн. бірліктен асты. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 тамызына шамамен 12,4 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,07 млн - МЗЖ бойынша, 690,7 мың - МКЗЖ бойынша, 425 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,08 млн бірлік. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Халық үшін ақпарат
16 сентября 2024
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы 7 айда көрсеткен қызметтерінің саны 30 миллионға жуықтады

 

       01.01.2024ж. бастап 31.07.2024ж. аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 29,2 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 13,3 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 14,8 млн қызмет автоматты түрде, ал қашықтықтан шамамен 0,38 миллионы жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 689 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 663 мың қызмет ұсынылды.  

 Өздеріңізге белгілі, БЖЗҚ цифрлық форматта көрсетілетін қызметтер тізбесін үнемі жаңартып, кеңейтіп отырады. Тиісінше, салымшылардың Қор  кеңселеріне бармай-ақ алатын қызметтер саны өсуде. Оның ішінде, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. Қызметтердің көп түрі, оның ішінде, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр. Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 4,5 млн бірліктен асты.

Сервистерді цифрландырудың арқасында БЖЗҚ салымшыларына жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірмелер алу қызметін пайдалану өте оңай, әрі тез. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 15,2 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 12,0 млн үзінді көшірме электронды түрде және шамамен 2,7 млн автоматты режимде рәсімделді.

БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  

2024 жылғы есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 128 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 116,8 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңестер ала алады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 24,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 513,2 мың адам қатысты. Олардың барлығы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар қойып, мамандардан білікті кеңестер ала алды. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 23,4 мың материал жарияланды.

Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 385 мың.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

Цифровизация
19 июля 2024
Халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымайтын мүлікті қалай тіркеуге болады

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облысында жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 369 қызмет көрсетілген. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызметтер саны 30%-ға өсті.

            Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша мәмілелер (сатып алу-сату шарттары, қайырымдылық, жалға беру және т.б.) Жамбыл облысындағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында аяқталуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру күнін қоспағанда, қызметті көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.

            Бұл ретте халыққа қызмет көрсету орталығына не дайын келісім-шартпен, не онсыз да келуге болады. Қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның маманы оны ресімдеуге көмектеседі.

            Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтары жеке менеджерлердің қызметтерін көрсете алады. Олар келесі қызметтерге дайын құжатты кейіннен бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттар топтамасын қалыптастыру бойынша жеке қызметтерді көрсетеді:

  • автосалондарда көлік құралын және кепіл шартын тіркеу;
  • заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу;
  • екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу (өзгерту, тоқтату);
  • басқа аумақтық бірлікте орналасқан білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау;
  • екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу;
  • екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу;
  • заңды тұлғаларға көлік құралдарын тіркеу;
  • салынып жатқан объектілердің техникалық төлқұжатын жасау және қабылдау актісін ресімдеу;
  • жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
  • жеке және заңды тұлғалардың жерге жеке меншiк құқығына актiлердi тiркеу және беру;
  • меншік иелерінің өз бетінше салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу және беру.

“Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Цифровизация
19 июля 2024
Жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін қалай алуға болады?

Баланың дүниеге келуі - әр отбасының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Ата-аналар тууды тіркеу туралы өтінішті баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру қажет.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

  Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.

Баланың туу туралы медициналық куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ баланың туған күні мен жынысы, құжаттың берілген күні көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында қағаз жеткізгіште берілген баланың туу туралы медициналық куәлігі медициналық ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен куәландырылуғаН, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.

Бүгінгі күні баланың тууы туралы өтінішті бірнеше жолмен беруге болады:

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы;
  2. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерi;
  3. egov.kz порталы арқылы;
  4. абоненттің ұялы телефоны, SMS арқылы (баланың тууын проактивті тіркеу);
  5. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Жамбыл облысында жарты жылда 15 543 жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлік берілді. 

Тууды тіркеу тегін екенін ескеріңіз. Бірақ азаматтық хал актісін өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе қалпына келтіру қажет болған жағдайда 1932 теңге көлемінде тіркеу алымын төлеу керек.

“Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Цифровизация
18 июня 2024
Мемлекеттік корпорация ұсынған жаңа қызмет көлікті қайта тіркеу процесін жеңілдетеді

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.

 Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.

Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.

Халық үшін ақпарат
29 апреля 2024
Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.

Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.  А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңеспен мақұлданды.

"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.

Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034240

Халықпен жұмыс
11 апреля 2024
Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

«Таза Қазақстан» ауқымды акциясы Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында өтеді.

Елімізде 8 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы басталды. Жамбыл облысының тұрғындары да бұл бастаманы белсенді қолдауда. Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.

«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.

«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Сондай-ақ экологиялық науқан аясында Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағында ағаш отырғызу акциясы өтеді. Облыс орталығында және Жуалы ауданында «Таза аула, таза көше» байқауы өтеді.

Шу тұрғындары сенбілікті Теміржолшылар саябағында өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаңда және Комсомол көлінің жағасында жиналады.

Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

«Таза Қазақстан» акциясына «Жас ұлан» және «Жасыл ел» жасақтары да белсене атсалыспақ.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы