GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
16 мая 2024
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін және қоғам

Тасөткел ауылдық округінде мамыр айының 15 күні Шу ауданының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының 2024 жылдың I жартыжылдығына арналған желілік кестесіне сәйкес ауыл тұрғындарымен кездесу

13 мая 2024
🔰“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының “Мөлдір бұлақ” науқаны өңірімізде жалғасуда.
🔰“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының “Мөлдір бұлақ” науқаны өңірімізде жалғасуда. Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен Төле би ауылында орналасқан каналды тазалау жұмыстарын жүргізді. Экологиялық іс-шараға ауыл тұрғындары, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, бұлақтарды қоқыстардан тазартты. Акцияға 50-ден астам адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
13 мая 2024
🔰“Мөлдір бұлақ” акциясы аясында Ескі-Шу ауылдық округінде Шу өзені жағалауында орналасқан “Ақ жайлау” демалыс орнының айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылды.
13 мая 2024
🔰"Мөлдір бұлақ" акциясы аясында Жаңақоғам ауылдық округі бойынша іс-шаралар атқарылуда.

🔰"Мөлдір бұлақ" акциясы аясында Жаңақоғам ауылдық округі бойынша іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда Байғұтты дренаждық каналына тазалау жұмыстары жүргізілді. Үлкен футбол стадионын көгеріштендіру мақсатында су құбыры қазылды. Акцияға 30-дан астам адам қатысты.

13 мая 2024
Мөлдір бұлақ апталығы
Мөлдір бұлақ апталығы
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Таза Қазақстан" атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясы негізінде "Мөлдір бұлақ" апталығында қаламыздағы жастар орталығы мамандары Шу қаласының маңында орналасқан каналдың маңын мүмкіндігінше тазартты.
13 мая 2024
Қазақстанда 12 мамыр күні Аналар күні тойланады,

Қазақстанда 12 мамыр күні Аналар күні тойланады, деп хабарлайды.

Бұл мереке мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтіледі және отбасы институтын нығайтуға және ана мәртебесін көтеруге бағытталған.

Бұл күн ананың әр адамның өміріндегі, оны тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және қоғамды қалыптастырудағы айрықша маңызды екенін көрсетеді.

2023 жылдың маусымында Үкімет мереке күнтізбесіне сәйкес қосымшаны бекітіп, оған қол қойды.

«Әлемнің көптеген елдерінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы және тәрбие институтын нығайту мақсатында аталып өтетін ресми мерекелер – Аналар күні мен Әкелер күні біздің елімізде де бекітілді», - делінген Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы мәлімдемесінде.

13 мая 2024
Отбасы Берекесі ,Әйелдер форумы.
13 мая 2024
Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салынды
Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салынды
Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда.
«Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салу жұмыстары жүргізілді»,- деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.
13 мая 2024
Құлсары қаласында 2900 үйден су толығымен сорылып, 20 үй әлі де су астында қалып отыр
Құлсары қаласында 2900 үйден су толығымен сорылып, 20 үй әлі де су астында қалып отыр
Жылыой ауданының Құлсары қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда сорылған судың жалпы көлемі 4,3 млн текше метрден асады. 7 мамырдағы жағдай бойынша 2900 үйден су толығымен сорылды, Болашақ шағын ауданындағы 20 үй су астында қалып отыр, оның ішінде 10 үй қоныстандырылмаған. Су сору жұмыстары жалғасуда, деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.
13 мая 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды
Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы