📏Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
💻Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
👩🏻💻Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
📌Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
✅Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
🖇️Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.
Қала әкімі Елдос Нуралиев және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Жандос Серікұлы әскерге шақырушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Онда әскери өмірдің қыр-сырлары түсіндіріліп, ата-аналардың сауалдарына жауап берілді. Ата-аналарды болашақ сарбаздарға әскерде қандай жағдай жасалғаны, әлімжеттік, күш көрсету жағдайларының бар-жоғы толғандырды. Көпшілікті алаңдатқан осы сұрақтар кездесуде жан-жақты талқыланып,әскерге барудың артықшылықтары мен көрсетілетін қызметтер туралы нақты жауаптар берілді.
Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық балалар көрсетіледі.
Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Баланы қосу» функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1) eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
2) Цифрлік құжаттардағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басыңыз.
3) Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.
Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады.
Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз.
Ағымдағы жылдың 3 қаңтары күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына сапары барысында ауданымызға да ат басын бұрып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Халық қалаулысы ең алдымен қаладағы жылу энергиясын таратумен айналысатын «Шу-Жылу» мекемесінде болып, жылу жүйелерінің қазіргі жай-күйін көзбен көрді. Одан әрі аудандық орталық аурухананы аралап, әлеуметтік нысанның жағдайына қанық болды. 159 орындық аурухана қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Өз кезегінде Бекболат Серікбекұлы алдағы уақытта да қос мекемедегі жұмыстың жүйелілігін сақтау керектігін ескертті.
Сенат депутатының аудандағы сапары Әль-Фараби атындағы орта мектебі мен Д.Қонаев ауылындағы спорт кешенінде жалғасын тапты. Аталған екі нысанның да жуырда ғана пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн. Құрылыс сапасын көзбен көрген Б.Серікбекұлы білім ошағы мен спорт нысанының жұмысына қатысты өз пікірін де білдірді. Сондай-ақ, халық қалаулысы бірқатар тапсырмалар жүктеді.