
Білім саласы бойынша
Бүгінгі күнге қалада 14 мектепте болса, оның ішінде 12 мектеп мемлекеттік және 2 мектеп жеке меншік. Аталған мектептерде жалпы 9141 оқушы білім алса, оның 8887 мемлекеттік мекемеде, ал қалған 254 оқушы жеке меншік мектептерде білім алуда.
Сонымен қатар 14 мектептің 10-ы 1-11 сыныптар арасында оқушылар болса, қалған 4 мектеп 1-4 сыныптар арасында бастауыш мектептері болып табылады.
Сондай-ақ қазіргі таңда Шу қаласында 2-6 жас аралығында 18 бала-бақша орналасқан. Оның ішінде 8 бала-бақша мемлекеттік және 10 бала-бақша жеке меншік. Аталған бала-бақшаларда жалпы 2400 балалар тәрбиеленуде, оның 1370 мемлекеттік мекемеде, ал қалған 1030 бала жеке меншік бала-бақшада.