GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
Цифровизация
23 июля 2024
Халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымайтын мүлікті қалай тіркеуге болады

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облысында жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 369 қызмет көрсетілген. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызметтер саны 30%-ға өсті.

            Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша мәмілелер (сатып алу-сату шарттары, қайырымдылық, жалға беру және т.б.) Жамбыл облысындағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында аяқталуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру күнін қоспағанда, қызметті көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.

            Бұл ретте халыққа қызмет көрсету орталығына не дайын келісім-шартпен, не онсыз да келуге болады. Қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның маманы оны ресімдеуге көмектеседі.

            Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтары жеке менеджерлердің қызметтерін көрсете алады. Олар келесі қызметтерге дайын құжатты кейіннен бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттар топтамасын қалыптастыру бойынша жеке қызметтерді көрсетеді:

  • автосалондарда көлік құралын және кепіл шартын тіркеу;
  • заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу;
  • екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу (өзгерту, тоқтату);
  • басқа аумақтық бірлікте орналасқан білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау;
  • екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу;
  • екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу;
  • заңды тұлғаларға көлік құралдарын тіркеу;
  • салынып жатқан объектілердің техникалық төлқұжатын жасау және қабылдау актісін ресімдеу;
  • жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
  • жеке және заңды тұлғалардың жерге жеке меншiк құқығына актiлердi тiркеу және беру;
  • меншік иелерінің өз бетінше салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу және беру.

“Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Цифровизация
23 июля 2024
Жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін қалай алуға болады?

Баланың дүниеге келуі - әр отбасының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Ата-аналар тууды тіркеу туралы өтінішті баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру қажет.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

  Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.

Баланың туу туралы медициналық куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ баланың туған күні мен жынысы, құжаттың берілген күні көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында қағаз жеткізгіште берілген баланың туу туралы медициналық куәлігі медициналық ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен куәландырылуғаН, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.

Бүгінгі күні баланың тууы туралы өтінішті бірнеше жолмен беруге болады:

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы;
  2. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерi;
  3. egov.kz порталы арқылы;
  4. абоненттің ұялы телефоны, SMS арқылы (баланың тууын проактивті тіркеу);
  5. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Жамбыл облысында жарты жылда 15 543 жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлік берілді. 

Тууды тіркеу тегін екенін ескеріңіз. Бірақ азаматтық хал актісін өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе қалпына келтіру қажет болған жағдайда 1932 теңге көлемінде тіркеу алымын төлеу керек.

“Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Цифровизация
03 июля 2024
Мемлекеттік корпорация ұсынған жаңа қызмет көлікті қайта тіркеу процесін жеңілдетеді

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.

 Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.

Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.

Цифровизация
29 апреля 2024
Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.

Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.  А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңеспен мақұлданды.

"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.

Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады: 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034240  

Денсаулық сақтау
26 апреля 2024
Округте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, «Жасыл аймақ» тақырыбы бойынша Өндіріс ауылдық округінде жол бойындағы және ауыл ішіндегі көше бойындағы бағаналар мен талдар әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді. Округте орналасқан мекемелер маңайындағы газондарды қырқып, талдардың қураған бұталарын кесіп, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, гүл көшеттері отырғызылды.

Денсаулық сақтау
22 апреля 2024
Өңірімізде үшінші апталық «Жасыл аймақ» акциясы басталды.

“Жасыл аймақ” тазалық акциясы бойынша ауданымыздағы әр ауылдық округтер белсене атсалысуда. Соның ішінде Өндіріс ауылдық округінде талдар әктеліп, шөптер жұлынып, гүлдер, ағаштар отырғызылды.

Аталған игі шарада мұғалімдер, оқушылар, жастар түрлі сала мамандары қатысты. Елдің көркеюі, жандануы баршамызға ортақ міндет!

 

Денсаулық сақтау
18 апреля 2024
Өндіріс ауылдық округінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңы тазартылып, көп жылдық гүлдер отырғызылды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
Осыған орай Өндіріс ауылдық округінде ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңы тазартылып, көп жылдық гүлдер отырғызылды.

Денсаулық сақтау
17 апреля 2024
Өндіріс ауылдық округінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Абай атындағы орта мектебінің алдында орналасқан "Абай Құнанбайұлы" ескерткішінің маңына тазалық жұмыстары жүргізілді

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
Осыған орай Өндіріс ауылдық округі Абай атындағы орта мектебінің алдында орналасқан "Абай Құнанбайұлы" ескерткішінің маңы тазартылып, көп жылдық раушан гүлдер отырғызылды.

Цифровизация
17 апреля 2024
Мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.

Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.

Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.

Айта кетер болсақ, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болады. Осы күні оны 350 мыңға жуық қолданушы орнатып үлгерген.

Денсаулық сақтау
17 апреля 2024
8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Оның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай Шу ауданында барлық ауылдық аймақтарда тазалық жұмыстары жалғасын табуда.
Игі бастамаға Өндіріс ауылдық округінде барлық мекеме ұжымдары, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсене қатысуда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы