📏Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
💻Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
👩🏻💻Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
📌Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
✅Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
🖇️Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.
Ескі Шу ауылдық округінің жалпы жер көлемі-57185 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі-30524 га, шаруа қожалығы жерлері-25885 га, елді мекен жерлері-1403 га, өнеркәсіп, байланыс және қорғаны жерлері-73 га, су қоры-9215 га, босалқы жерлер-15971 га. Егістік: барлығы-8978 га, суармалы-1814 га. Жайылымдық-37681 га, барлық ауыл шаруашылық алқаптар көлемі-46793 га.
Ескі-Шу ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі-30524 га. Шаруа қожалығы жерлері-25885 га. Елді мекен жерлері-1403 га. 2023 жылы округ бойынша 2000 га бидай, 1250 га арпа, 581 га жүгері, 200 га күнбағыс, 800 га сафлор, 1650 га көкеніс, 931 га бақша, 975 га қант қылшасы егілді.
2023 жылдың соңында округке қарасты Еңбекші ауылында Ауыз су жүйесі іске қосылып қолдануға берілді. Еңбекші ауылында 100-ден аса тұрғын үй сапалы ауыз сумен қаматамсыз етілетін болады.
Ескі-Шу ауылдық оуругінің 2023 жылғы салық түсімі - 13 457231,49 мың теңгені құрады. Оның ішінде табыс салығы - 1 696481,45 мың теңге. Жер салығы - 18 064,79 мың теңге. Көлік салығы- 10 434817,57 мың теңге.
Ескі-Шу ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы жылдық бюжеті - 55 929,4 мың теңгені құрады. Ал 2024 жылға - 373 314,0 мың теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық балалар көрсетіледі.
Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Баланы қосу» функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1) eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
2) Цифрлік құжаттардағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басыңыз.
3) Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.
Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады.
Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз.
2023 жылдың 22 желтоқсанында "Белбасар спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және "Белбасар" спорт кешенінің 4 жылдығына орай футзалдан 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнирі өтті. Турнирге барлығы 15 команда қатысып, тартысты бәсекеде 1 орынды - Жуалы ауданының намысын қорғаған №15 БЖСМ командасы, 2 орынды - №5 ОМБЖСМ-2 Тараз қаласы, 3 орынды - №5ОМБЖСМ-1 Тараз қаласы иеленді.