📏Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
💻Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
👩🏻💻Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
📌Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
✅Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
🖇️Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.
Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек».
Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған.
Жұмыс тобы 2023 жылдың ақпанында қазақстандықтардың ең қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше мәрте келіп түскен өтініштеріне байланысты құрылған. Оның құрамына ғылыми институттардың, медициналық жоғары оқу орындарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары және т. б. кірді.
Өткен жылдан бастап медицина, физиология, география,метрология және басқа да түрлі салаларды қамтитын жұмыс тобының мүшелері Қазақстанда қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеп келеді.
Жұмыс тобына қатысушылар UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ең дұрыс және оңтайлы нұсқасы екенін және Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатын болады деген ортақ пікірге келді.
Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені саралап, әлемнің 175 елінде біріңғай уақыт белдеуі қолданылса, 22 мемлекет бірнеше уақыт белдеуінде екен.
Сондай-ақ сарапшылар біріңғай уақыт белдеуін белгілеу еліміздің әр өңірінің тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жойып, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартып, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына оң әсерін тигізетінін атап өтті.
Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Бірақ балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері алғаш есептелген қаржыны 2024 жылдың ақпан айынан бастап көре алады. Өйткені, тиісті құрылымдарға есептеулер жүргізіп, кәмелетке толмаған балалардың дәл есебін шығаруға бір ай уақыт қажет.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы (бұдан әрі – НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру жөніндегі оператор болып айқындалды.
Айта кеткен жөн, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибеге ие. Оның дербестендірілген есеп пен қашықтан қызмет көрсетуге арналған бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелері, халыққа қолжетімді қызметтер көрсететін дамыған өңірлік желісі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің (бұдан әрі - ОИК) 50% сомасы, ОИК мөлшерлемесі және Нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген табыс сомасы туралы ақпаратты қамтитын Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепті жібереді деп көзделуде.
БЖЗҚ жыл сайын қаңтар айында ҚР Әділет министрлігіне салыстыру үшін есепті жылдың 31 желтоқсанының аяғындағы жағдай бойынша балалардың, яғни "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде дербес қалыптастырылған нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін беретін болады.
ҚРҰБ-тан алынған Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% сомасы туралы ақпараттың, БЖЗҚ мен ҚР ӘМ қол қойған салыстыру актісінің негізінде БЖЗҚ нысаналы талаптардың бір қатысушысына тиесілі нысаналы талаптардың сомасын есептеп, бұл деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.
Бағдарлама бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтына орналастырылатын болады.
Жобаға сәйкес Қазақстанның азаматы болып табылатын барлық 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. 18 жасқа толғаннан кейін жобаға Қатысушыға БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылады, онда түскен қаражатты "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер сияқты уәкілетті операторлар арқылы тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады. Қаражат нысаналы жинақтау шотына аударылғаннан кейін инвестициялануын тоқтатады. БЖЗҚ нысаналы жинақтар төлемін алушылардың "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына АҚШ долларымен жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, 18 жасқа толған Қазақстан тұрғынының төлемдерді Ұлттық Банк сол күнге белгілеген валюта бағамы бойынша теңгемен алатынын атап өткен жөн.
Ата-аналарға ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Қазір ата-аналар үшін маңыздысы – кәмелетке толмаған баланың жеке сәйкестендіру нөмірінің egov.kz порталында болуын және оның дұрыстығын тексеру. Жоба мемлекеттік органдардың деректер базасында бұрыннан бар мәліметтер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады.
Қазақстанның кәмелетке толмаған тұрғыны бағдарламаға қатысушы болып табылатындығы туралы мәліметті сіз egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізден ала аласыз. Бағдарлама бойынша есептер enpf.kz сайтында орналастырылатын болады.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толған кезде алушы жинақталған соманы тек білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалануға құқылы.
Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен балалар Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда - жинақтар ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақтар баланың мұрагерлері бола алатын жақын туыстары немесе заңды өкілі үшін уәкілетті операторда ашылған банктік шотқа аударылады.
2024 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларға 2023 жылға арналған нысаналы талаптар (бала әлі 18 жасқа толмаған жыл) есептелетін болады.
2023 жылғы бір балаға арналған нысаналы талаптар сомасының есебі ҚР Әділет министрлігімен (Қазақстан балаларының 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша саны) деректерді салыстырып, Ұлттық Банктен ақпарат (балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша) алғаннан кейін жүргізілетін болады.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) соңғы уақытта алаяқтардың жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.
Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға немесе сақтандыру ұйымдарына аудару жолымен қолма-қол алу бойынша делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар жіберіледі. Тек мұндай қызметі үшін хабарлама иесі белгілі бір көлемдегі сыйақыны талап етеді.
"БЖЗҚ" АҚ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы немесе зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өмірді сақтандыру компанияларында орналастырылған зейнетақы жинақтарын қандай да бір делдалдар арқылы алу мүмкін емес. Ал салымшыларға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін ғана заңнамада көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу мақсаттарына пайдалану үшін шешіп алуға рұқсат етіледі.
Алаяқтар ұсынған схемаларға қатысуға келісе отырып, сіз өз ақшаңызды жоғалту қаупін тудырып қана қоймай, сонымен қатар болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларына соңғы кездерде жиі таралып кеткен осындай "жалған" хабарламаларды елемеуге және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға қатаң кеңес береді.
Сіз зейнетақы жинақтарын алу мен аударуға қатысты барлық сұрақтарға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да алып, ақпараттың сенімділігін былайша тексере аласыз:
көп арналы тегін байланыс арқылы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы.
БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық балалар көрсетіледі.
Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Баланы қосу» функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1) eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
2) Цифрлік құжаттардағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басыңыз.
3) Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.
Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады.
Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз.
Жамбыл қаласының әкімі Ербол Қарашүкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 0,1 пайызды құрады.
Соңғы аптада айран 0,6 пайызға, жұмыртқа 0,8 пайызға қымбаттады.
-Қарақұмық, күріш және 1 сортты ұнға тауарлық интервенция жүргізілді. Бұл өнімдерді енді белгіленген әлеуметтік бағамен сатып алуға болады.
Өткен жылы 101 комиссия отырысы өткізіліп, 70 факті анықталып, жойылды. Жамбыл облысы делдалдық схемаларды жою бойынша рейтингте төртінші орында тұр. Өткен аптада 965 бөлшек сауда орындарының өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда бөлшек сауда дүкендерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен заңда белгіленген 15 пайыз көлемінде тауарлық үстемені сақтау туралы меморандумдар жасау жұмыстары басталды, деді А.Сейсебаев.
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев өткен жылы ірі сауда желілерінде 51 тексеру жүргізіліп, 35 кәсіпкерге ескертулер берілгенін атап өтті. Ағымдағы жылы 72 заң бұзушылық анықталды. Өңір басшысы ЖСҚҚ бағасының өсуін тежеу бойынша кешенді жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасының шекті мәндерін белгілеу қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Облыс әкімі БАҚ өкілдеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын заңсыз асырғаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қандай шаралар қолданылғаны туралы жүйелі түрде хабарлап отыруды тапсырды. Жиында облыста көкөніс сақтайтын қоймалар мен жылыжайлардың санын арттыру мәселесі де сөз болды.