GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
31 мая 2024
Исаев Қанат Сүлейменұлы және Қайранбаева Жеңіскүл Смайылқызын ұлағатты ұстаздарды «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттау

Саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған, оқушыларға тәрбие беруден жалықпаған Бірлікүстем ауылы Домалақ ене атындағы орта мектебінің ұлағатты ұстаздары, зейнеткер Исаев Қанат Сүлейменұлы және Қайранбаева Жеңіскүл Смайылқызы

25 мамыр - соңғы қоңырау мерекесіне орай «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттау

27 мая 2024
«Құда төбе” аялдамасының ашылуы

«Жомарт түлек» бағдарламасы аясында ауылымыздың кіреберіс жеріне Домалақ Ене орта мектебінің 2004 жылғы түлектері тарапынан «Құда төбе” аялдамасы ашылып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатынан кейін ұлттық ойынымыз көкпар берілді.

30 апреля 2024
Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.

Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.  А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңеспен мақұлданды.

"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.

Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады:                                                                        

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034240#z81

14 марта 2024
Рамазан айында ішімдік заттарға шектеу қою туралы

Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы, Бірлікүстем ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы және ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы кәсіпкерлік нысандарды аралап,  Рамазан айында  спирттік тауарларды сатпау туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Цифровизация
19 февраля 2024
Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды

📏Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.

💻Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.

👩🏻💻Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.

📌Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.

✅Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.

🖇️Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.

12 февраля 2024
Округ әкімі А.Бименбетов ауыл тұрғындарымен жалпы жиналыс өткізді

Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні округ әкімі А.Бименбетов ауыл тұрғындарымен жалпы жиналыс өткізді. Күн тәртібінде бадаға мал қосу, көктемгі егіс дала жұмыстары, суармалы егістік жерлерге су беру мәселесі және әр түрлі мәселелер қаралып, сұрақтарға жауап берілді.

12 февраля 2024
Округ әкімі А.Бименбетов Домалақ ене атындағы орта мектебінің әкімшілік қызметкерлерімен кездесуі

9 ақпан күні округ әкімі А.Бименбетов Домалақ ене атындағы орта мектебінің әкімшілік қызметкерлерімен кездесіп, осал топтағы оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша комиссия құрып, әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуін тапсырды.

29 января 2024
Кеңес әскерінің шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жылдығына орай ардагерлер арасында волейболдан турнирдің өтуі

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Бірлікүстем ауылында ардагерлер арасында волейболдан турнир өтті. Бұқаралық спортты дамытып, ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында өткен турнирге ауданға қарасты округтерден келген бірнеше команда қатысты. Олар Ақсу, Көкқайнар, Ескішу, Бірлікүстем, Қонаев, Мәслихат және Шу қаласы командалары. Шара шымылдығы ашқан Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков бақ сынаушыларға тілектес екенін жеткізіп, ауыл азаматтарын спортпен шұғылдануға шақырды. Қорытындысында бірлікүстемдік ардагерлер топ жарса, Ақсулықтар екінші, Шу қаласы үшінші орынға жайғасты. Сонымен қатар Шу қалалық ардагер Бақытжан Малдыбаев «Үздік шабуылшы», Бірлікүстемдік ардагер Мұхтар Әуесбаев «Үздік байланыстырушы» номнацияларын иеленді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы