
Әлеуметтік қорғау
2023 жылы жалпы әлеуметтік көмек түрлеріне 22 адам жүгінді. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмекке 3 адам, әлеуметтік мәні бар ауруларға (туберкулез, онкология) 4, біржолғы әлеуметтік көмекке пробация бойынша 3, санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу 3 адам, газ орнату бойынша 4 адам. Отын алуға әлеуметтік көмекке 5 адам ұсыныс білдірді.
Нәтижесінде 2023 жылдың 12айында төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
Атаулы әлеуметтік көмек
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл соңына дейін атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасына тағайындалды.
Біржолғы әлеуметтік көмек
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл соңына дейін төмендегідей біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді ; әлеуметтік маңызы бар ауруларға онкология 3 адам, туберкулез 1 адам, пробация 3 адам, санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу бойынша 3 адам, газ орнату бойынша 4 адам, оның ішінде бюджеттік бағдарлама бойынша 1 адам, ауыл азаматтарының қайырымдылық қаражаты есебінен 3 адамға газ кіргізілді және 5 отбасы толық көмірмен қамтамасыз етілді.
Жұмыспен қамту
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, қайтадаярлау – 2023 жылға жұмыссыздар арасынан нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға адамды қайта даярлау үшін бюджеттен 6 азамат(ша) оқытылды.
2023 «Бастау бизнес жобасы» кәсіпкерлік негіздерін оқуға enbek.kz порталы арқылы enbek.skills платформасында онлайн форматта 15 адам оқуын аяқтап сертификат алды, оның ішінде 7 азамат 400 АЕК көлемінде грант алды. Қоғамдық жұмыстар:
2023 жылы 31 жұмысшы ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданды.
Жастар практикасы:
2023 жылы 3 жас маман мерзімі 1 жылға жастар практикасы бойынша жұмысқа тартылды. Оның ішінде 1-жас маман Бірлікүстем ауылдық округі әкімінің аппаратына, 1-маман "Жұлдыз" бала бақшасына, 1-жас маман жеке кәсіпкерге жұмысқа кіріп тәжірибие жинақтады.