
Білім саласы
2020 жылдың қазан айында 300 орындық Домалақ ене атындағы орта мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Мектеп 3 қабатты, типтік. Мектеп газға қосылған, жеке қазандық бар.
Мектептің жалпы алаңы-3024,6; оқу кабинеттерінің саны-22. Лингафонды-мультимедиялық-2 кабинет, информатика кабинеті-2, жаңа модификациялық химия кабинеті-1, ұлдар шеберханасы-1, қыздар тігін шеберханасы-1, қыздардың ас әзірлеу кабинеті-1, спорт зал-1 (513,3) спорттық инвентарлар бар, асхана-102 орынға арналған (106,9), толық жабдықталған.Кітапхана шаршы метрі-8,43, кітапхана заманауи жабдықталған, 5 компьютер бар. Кітап қоры 14308, оның ішінде оқулықтар саны 11372, көркем әдебиеттер саны-2976.Оқушылар оқулықтармен 100% қамтылған. Мұғалімдер оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілген.Мектепте 17 бейне бақылау камералары орнатылған, іште -10, сыртта-7.
Мектепте ішкі әжетханалар саны-32 нукте. Мектепке демеушілер тарапынан насос қойылған, сумен толық қамтамасыз етілген.
Педагогтер саны-51, жоғары білімді-50, арнаулы орта білімді-1. Педагог-зерттеуші-7, педагог-сарапшы-8, педагог-модератор-10, санаты жоқ-26 мұғалім. Жас мамандар-4.
Мектепте жалпы оқушы саны-427, 1-4 сыныптар - 155, 5-9 сыныптар-211, 10-11 сыныптар – 61, 2 мектепалды даярлық тобы бар. Оқушылар екі ауысымда оқиды. Мектепте 120 компьютер, 4 оқушыға 1 компьютерден. Интернет жылдамдығы 10Мб/с.
2022-2023 оқу жылында 17 түлек аяқтады. Олардың 17 де ҰБТ-ді тапсырды. Осы оқу жылында грантқа түскен оқушылар саны-8. Ақылы түрде оқуға түскен оқушылар саны-3. Жоғары оқу орнына – 11. оқушы түсті. Колледжге -6 оқушы түсті. Грантқа түскен оқушылар саны-1. Ақылы түрде оқуға түскен оқушылар саны-5.