
Мәдениет
Бірлікүстем ауылдық округіне қарасты Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйі 1971 жылы ашылған. Аталған жылдардан бастап бүгінгі таңға дейін халыққа қызмет етіп келеді. Сатылған және жабылған жоқ. 2007 жылы Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шу аудандық мәдениет үйі» № 13 бұйрықпен теңгерліміне өтті.
Мәдениет үйінің екі фоесі, 204 /екі жүз төрт/ орынды бір көрермен залы, алты бөлмесі бар. Мәдениет үйінің екі бөлмесінде Бірлікүстем ауылдық кітапханасы орналасқан.
Мәдениет үйі типтік 2006 жылы күрделі жөндеуден өтті . 2014 жылы мәдениет үйінің шатыры түгел ауыстырылды. 2021 жылы мәдениет үйінің кіре беріс шатырына ағымды жөндеу жұмыстары жасалынды.
Қазіргі таңда Бірлікүстем мәдениет үйінде 5 үйірме жұмыс атқарады. Қатысушы саны – 70 адам. Оның ішінде 2022 жылдың 12 қазанынан бастап Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінің жанынан «Халық әні» және «Эстрадалық вокал» үйірмелері құрылып өз жұмысын бастады
Қызметкерлер бойынша мәдениет үйінде қазіргі таңда 9,5 штат бірлігі жұмыс істейді, оның ішінде 2 штат маусымдық от жағу қызметкерлері, қалған қызметкерлерден 3-і маман, 5-і кіші қызметкерлер: 1-дыбыс операторы,1-еден жуушы, 1-электрик, 2-қарауыл.