"Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
"Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады