
«Қойайдар баба» мешіті Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылындағы Байболат көшесінде орналасқан. Мешіттің құрылысын қаржыландырған жеке кәсіпкер «Шу ауданының Құрметті азаматы» Матышев Нұрхан Жантүгелұлы. Мешіттің жалпы сыйымдылығы 350 адам. Жұма намазына келетін жамағат 65-70 адам. Заманауи үлгіде салынған мешітте ерлер, әйелдер намаз орындары бөлек орналасқан. Сонымен қатар сыйымдылығы 150 адамға құдайы асқа арналған асхана салынған. Мешіттің имамы Смайыл Аян Байтұрғанұлы.