
Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйі Балуан Шолақ ауылы Дулат көшесінде орналасқан. Нысан 2001 жылы пайдалануға берілген.2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 250 адам. Мәдениет үйінде 5 үйірме бар (вокал, домбыра, би, сахна тілі, актерлік шеберлік). Сонымен қатар мәдениет үйінде ауылдық кітапхана және почта бөлімшесі орналасқан. Мәдениет үйінің меңгерушісі Кендебай Сәби Нұрболұлы.