
Балуан Шолақ ауылдық округінде дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін әр түрлі құрлымдар жұмыс жасайды, оның ішінде: стритворкаут және 2 кіші футбол алаңы бар балалар ойын алаңы. Алаңда әткеншек, спорттық керме, аумақ-саумақ, сырғанақ секілді балаларға керекті ойын құралдары қойылды. Ауылдық округте ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесе отырып, түрлі мәдени-іс шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады. Округ тұрғындарының ұйымшылдығын арттыру, салауатты өмір салтын дамыту мақсатында волейболдан, шағын футболдан және қазақ күресінен турнирлер тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін дене шынықтырумен айналысатын тұрғындардың санын көбейту мақсатында спорт түрлерінен сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.