Күнделікті өмірде әлеуметтік аударымдарды қате немесе сомасын қате аудару фактілері жиі кездеседі. Әдетте бұл адами фактор әсерінен, деректерді дұрыс енгізбеу салдарынан болады.
eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасында қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруга өтініш беруге болады.
Бұл қызметке жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды жане жеке тұлғалар бір өтінімде 20 қызметкерге дейін өтініш бере алады.
Аталан қызмет eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңде шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлем мөлшері 5% артты.
БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем әдістемесіне сәйкес, зейнетке шығатын азаматтарға берілетін төлем мөлшері былай есептеледі: төлем алу басталатын бірінші жылда зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесі 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді.
Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.
Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ТКД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2024 жылы ТКД - 43 407 теңге). Осылайша, жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі төлем мөлшері 30 384,9 теңгені (70% * 43 407 теңге) құрады.
Бұдан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайтылып отырады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға Қордан бір рет біржола төленеді (2024 жылы біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері 694 236 теңге = 12 * 57 853 теңге).
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемдері оларға зейнетақы төлемдерін тағайындау сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша есептеледі: жылдық зейнетақы төлемінің сомасы есептеліп, ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінің ең жоғары көрсеткішінен (2024 жылы: 1 735 590 теңге =30*57 853 теңге) және зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шамадан аспайды.
БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
📏Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
💻Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
👩🏻💻Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
📌Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
✅Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
🖇️Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.