
Әлеуметтік саланың басты бағыттарының бірі білім беру жүйесі болып табылады. Ақтөбе ауылдық округінде 1 орта мектеп, 1 шағын орталық, 1 балабақша жұмыс жасайды. Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің сиымдылығы 792 орын, мектепте 245 бала оқып, 44 мұғалім еңбек етеді.22 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Ақерке бөбекжай бақшасында 40 орындық шағын орталықта 40 бала тәрбиеленуде. 18 адам жұмыспен қамтылып отыр.