
Ақтөбе ауылында 1 мұсылман мешіті қызмет етеді. Мешіттің толық ресми атауы – «Жылғабек» мешіті. Мекенжайы Ақтөбе ауылы, Жамбыл көшесі №6. Мешіттің сыйымдылығы - жалпы 100 адам. Күнделікті жиналатын жамағат саны (орта есеп, жұма күнін есептемегенде) – 10 адам. Жұма күндері жиналатын жамағат саны - 30 адам. Мешіт имамы – Қоспанов Абусейт Мадимарұлы. Округ бойынша дін саласына жауапты маман қызмет істейді. Қазіргі уақыттарда мешіт жамағаттарына, ауыл тұрғындарына дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Дін саласы бойынша жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылып отырады.