
Өңірді цифрландыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 ҚР ҮҚ)және Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының Эталондық стандарты(Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №152 бұйрығымен бекітілген)негізінде жүзеге асырылады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды пайдалану есебінен елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған маңызды кешенді бағдарлама.
ҚР«ақылды» қалаларының Эталондық стандарты «ақылды» қалалардыақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып құру бойынша ұсыныстарды қамтиды және бірыңғай тәсілдерді белгілейді.
ӨңірдеЭталондық стандарт аясында 2018 жылдан бастап 11 бағыт бойынша(«Денсаулық сақтау», «білім беру», «Қауіпсіздік», «ТКШ», «Көлік», «Қаланы басқару», «Әлеуметтік сала», «Экология», «бизнесті дамыту және туризм», «Құрылыс» және «Ауыл шаруашылығы»)50-ден астам жоба іске асырылды.
Мемлекеттік бағдарламаны 2018-2022 жылдарда іске асыру басты бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:
Ақпарат көзі: https://digitalkz.kz