GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Все материалы
Мәдениет
12 февраля 2024
Кездесу

Шиен орта мектебінің кітапханасында "Желтоқсан желі ызғарлы" тақырыбы аясында кездесу өтті.

09 февраля 2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес “Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы” 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) уақытты 1 сағатқа артқа ауыстыруды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Ыңғайлылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелердің техникалық және практикалық тұрғыдан болмауын қамтамасыз ету мақсатында осы ауысуға дайындық тікелей орталық, жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен жеке сектор ұйымдарының, оның ішінде әртүрлі салаларда қызмет көрсететін ұйымдардың бірқатар шараларды қарауын және қабылдауын талап етеді.

09 февраля 2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ⚜️

«Отбасы құндылығы» ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

Мектебімізде қаңтар айында Арықбаева Ж.У. “Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 8 сыныптың ата-аналарына «Отбасы құндылығы» тақырыбында ата-аналарға сабақ өткізді.
🔰Мақсаты:
-отбасы жағдайында жасөспірімнің шығармашылық ойлауын дамыту;
- қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы.
Сабақ барысында ата-аналарға балалардың шығармашылығы туралы түрлі сұрақтар беріліп, ата-аналардың сұрақтарға жауап беруі, берілген тапсырмаларды орындауы барысында белсенділік танытып отырды. Сабақ барысында бала тәрбиесі, баланың шығармашылығын дамыту аясында әңгімелер жүргізілді.
Сабақ өз дәрежесінде өткізіліп,келген ата-аналар алғысын білдірді.

09 февраля 2024
Хабарландыру

Алматы облысының кадрлық комиссиясы Алматы облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімінің болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) экономика және қаржы;

2) әлеуметтік сала;

3) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

4) цифрландыру;

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жүзінде немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы (almaty_oblysy@)onir.pkrezerv.gov.kz) немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі 13 ғимарат, 505 кеңсе .

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (elgeqyzmet.almaty_oblysy, alm.obl.onir.rezerv.kz)  және келесі телефондар арқылы: 87021098868 алуға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы