GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Этносаралық қатынастар
22 октября 2026
Республика күніне тарту: «Достық керуені» Жуалы ауданында кең ауқымда өтті

2026 жылғы 22 қазанда Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Достық керуені» жобасы Жуалы ауданында жалғасын тапты. Республика күніне орайластырылған ауқымды іс-шара өңірдегі этностардың мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға бағытталды.

Мәдениет пен дәстүр – достықтың негізі

«Достық керуенінің» Жуалы ауданындағы бағдарламасы Б. Момышұлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің алдында басталды. Мұнда «Аудан этностарының мәдениеті мен дәстүрі күні» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде славян, әзірбайжан, шешен және өзбек этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қолөнер бұйымдарын ұсынып, ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін таныстырды. Қонақтар өңірдегі этностардың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарымен танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің қызметіне, достық пен қоғамдық келісімге арналған кітап көрмесі ұсынылды. Экспозиция өңірдің мәдени әралуандығын таныстырып, мәдениетаралық диалог пен өзара құрметтің маңызын айқындады.

Отбасылық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығы

Жоба аясында Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің қатысуымен кездесу өтті. Оған облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Аналар кеңесінің төрағасы Мубарак Жинақбаева, медиатор Дина Амиреева, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесуде жастар тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жастар арасындағы лудоманияның және дәрілік препараттарды медициналық емес мақсатта қолданудың алдын алу мәселелеріне назар аударылды.

«Ата мұрасы – ұрпаққа аманат» бағыты аясында ұлттық мұраны, халық қолөнерін, бата беру дәстүрін, шешендік өнерді, айтысты және кітап оқу мәдениетін сақтау мәселелері сөз болды.

Қатысушылар рухани және мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуде тікелей қарым-қатынастың, ұлттық қолөнерге баулудың және ата-баба мұрасына құрметпен қараудың маңызын атап өтті. Кездесу отбасылық құндылықтарды, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты одан әрі нығайту жөніндегі ұсыныстар алмасумен қорытындыланды.

Жастар – достық пен бірлік жолында

Жоба аясындағы іс-шаралар Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында жалғасты. Мұнда аудан мектептерінің оқушыларына арналған «Менің елім – Қазақстан – достық мекені» атты тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға Байзақ ауданындағы Ю. Гагарин атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Евгении Кравчук және «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдармен жұмыс және жобаларды іске асыру бөлімінің жетекші сарапшысы Алмас Ақынтай қатысты.

Оқушылар командалық ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға қатысып, Отанға деген сүйіспеншілік, достық, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы ой бөлісті. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ жоба аясында мектеп оқушыларының қатысуымен «Достық – мекені» атты жас суретшілер көрмесі өтті. Жас суретшілер өз туындылары арқылы достық, бейбітшілік пен бірлік тақырыптарын бейнеледі. Достық үйі көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева шығармашылықтың жастардың қабілетін ашуға, оларды өнерге баулуға және өзара құрмет пен келісім құндылықтарын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Үздік жұмыстардың авторларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Ұлттық ойындар – ұлт мұрасы

Республика күні қарсаңында Жуалы ауданында жастар арасында «Ұлттық ойын – ұлт мұрасы» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Қатысушылар арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу және тоғызқұмалақ ойындары бойынша бақ сынасты. Сайыс барысында жастар ептілігін, шапшаңдығын, күш-қайраты мен зеректігін көрсетті. Қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, арнайы марапаттарға ие болды.

«Өнерім саған, Қазақстан!» фестивалі

«Достық керуені» жобасының қорытынды іс-шарасы Б. Момышұлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің алдында өтті. Мұнда этномәдени орталықтар жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Өнерім саған, Қазақстан!» атты фестиваль ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – жас таланттарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ өнер арқылы түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты, татулық пен бірлікті нығайту.

Мәдени іс-шара аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашевтың құттықтау сөзімен басталып, өңірдегі түрлі этностар өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Фестиваль соңында облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан мен Аналар кеңесінің төрағасы, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева аудан тұрғындарына жобаға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің белсенді мүшелеріне арнайы марапаттар табысталды.

Осылайша, «Достық керуені» жобасының Жуалы ауданындағы бағдарламасы мәдени мұраны дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және достық, өзара құрмет пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттауға бағытталған мазмұнды іс-шаралармен қорытындыланды.

Этносаралық қатынастар
16 октября 2026
Бірліктің дәнекері: «Достық керуені» биылғы сапарын Байзақ ауданынан бастады

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен ауқымды жобаның биылғы алғашқы сапары Байзақ ауданына бағытталды. Керуен құрамында өңірлік Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері және облыстың белсенді этнос жастары бар.

Мәдениеттер тоғысы және жәдігерлер көрмесі
Жобаның ресми бөлімі Бурыл ауылдық мәдениет үйінде басталды. Онда меймандар мен аудан тұрғындары үшін «Достығымыз жарасқан» атты түрлі этнос өкілдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге этномәдени бірлестіктердің болмысын, тарихы мен салт-дәстүрін айшықтайтын құнды жәдігерлер, ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдары қойылды. 

Жас таланттардың қылқаламы: «Достық – мекені» көрмесі
«Достық керуені» аясындағы келесі шара аудандық Өнер мектебінде жалғасты. Мұнда жас суретшілер арасында «Достық – мекені» атты арнайы көрме өтті. Шараның шымылдығы концерттік бағдарламамен ашылып, өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Көрме барысында сөз сөйлеген Достық үйі Көрме залының жетекшісі Жазира Шілдебаева: «Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағдарлануын ынталандыру және көпэтносты елімізді бейнелейтін суреттер арқылы өскелең ұрпаққа достықтың, татулық пен бірліктің қадірін ұғындыру», – деп атап өтті. Жиын соңында Қазақстандағы бейбітшілік пен татулықты бейнелейтін үздік картиналардың авторлары, жас суретшілер, педагогтар және өнер көрсеткен жастар арнайы марапатталды.

Болашақ бірлікте: жастарға арналған патриоттық тренинг
Жоба аясындағы маңызды бағыттың бірі – Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында өтті. Мұнда аудандағы 8 мектептің оқушылары үшін «Менің елім – Қазақстан» достық мекені» атты патриоттық тренинг-тимбилдинг ұйымдастырылды.
Командалық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы жастар ұйымшылдықтың маңызын ұғынды. Кездесуге өңірлік жастар төрағасы Хамида Турдыева, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Евгений Кравчук және «Қоғамдық келісім» КММ-нің жетекші сарапшысы Алмас Ақынтай қатысты. Спикерлер жастар арасында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарау мәселелерін талқылады. Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

14 октября 2026
Басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдады

2026 жылғы 14 қазанда басқарма басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, нақты өтініштерін білдірді. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті ақпараттар берілді.

Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен ашық диалог орнатудың, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырудың маңызды тетігі. Қабылдау кезінде басқарма басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, көтерілген мәселелерді заңнама талаптарына сәйкес қарастыру және оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Басқарма азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырып, әрбір өтініш бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті шаралар қабылдайтын болады.

 

12 октября 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «БІРГЕ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН!» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 12 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы Көшек батыр және  Желтоқсан көшелерінде «Бірге таза қала үшін!» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

Көшек батыр және Желтоқсан көшелері – қалалық көлік қозғалысы мен қоғамдық өмірде маңызды орын алатын аумақтардың бірі. Бұл көшелер тұрғындардың жұмысқа, оқу орындарына, сауда орындарына және басқа да әлеуметтік нысандарға қатынауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аумақта сауда, қызмет көрсету, демалыс және медициналық қызмет көрсету орындары орналасқан.

Экологиялық акция барысында белсенді жастар көше бойын тазалап, ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, тұрғын үйлер маңындағы тұрмыстық қалдықтар мен шашылған қоқыстар жиналып, аумақ тазартылды. Бұдан бөлек, көше бойындағы арық-атыздар тазаланып, ретке келтірілді.

Ізгі бастамаға ұйытқы болған Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбектің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып саналады.

– Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына баса назар аударып, тазалық шараларының жүйелі түрде жүргізілуін назарда ұстап отыр. Президент бастамасын тараздық жастар да қолдап, апта сайын ұйымдастырылатын тазалық шараларына белсене қатысып келеді. Бүгін де қала орталығындағы маңызды орындардың бірін тазалап жатырмыз. Бұл – өзіміз күнделікті жүріп-тұратын аумақтардың бірі. Сондықтан туған қаламыздың тазалығына өзіміз жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек. Екіншіден, тазалық шараларының тәрбиелік мәні зор. Осындай жұмыстар арқылы қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға үлгі көрсетіп, олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырамыз деп ойлаймын. Тәрбиенің бастауы тазалық сақтаудан басталатынын нақты іспен көрсетіп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Азамат Лесбек.

Акцияға 50-ден астам белсенді жас қатысты. Нәтижесінде тұрғын үй аумағынан 1 тоннадан астам қоқыс шығарылып, көше бойы тазартылды.

Айта кетейік, осындай экологиялық шаралар облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылуда. Еріктілер мен жастар аудан орталықтарындағы саябақтар мен аллеяларды, көшелерді, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындардың аумақтарын тазалау жұмыстарына белсенді қатысуда.

Акция аясында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарда тазалық сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуына ықпал етеді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48,5 мың түп жасыл желек отырғызылып, 5,9 мың шақырым көше жолдары тазартылған. Сонымен қатар 1 210 шақырым арық жүйелері мен каналдар ретке келтіріліп, саябақтар мен скверлердің 804,8 мың шаршы метр аумағы абаттандырылған. Нәтижесінде 13 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай бастамалар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын нығайтуға да зор үлес қосуда.

 

#TazaChallenge @TazaQazaqstan.

 

Этносаралық қатынастар
08 октября 2026
Таразда оқушыларға достық пен толеранттылық құндылықтары дәріптелді

Жамбыл облысында этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта №34 орта мектепте 9–10 сыныптың 50 оқушысының қатысуымен «Достық мекені» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ сарапшылары Замана Исмаилова мен Рианна Жалпанова, мектеп директоры Салтанат Ботамкулова, директордың орынбасарлары Лаура Қолдасова мен Зарина Умбетбаева қатысты.

Іс-шара барысында жастар арасында достық, өзара сыйластық және толеранттылық құндылықтарын қалыптастыру, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарау мәселелері қозғалды.

«Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Замана Исмаилова этносаралық татулықты сақтаудың маңызына тоқталып, этносаралық араздықтың алдын алу, арандатушылық сипаттағы ақпараттарға жол бермеу және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылармен пікір алмасты.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай кездесулер оқушылардың қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтарын түсінуіне, түрлі мәдениеттерге құрметпен қарауына және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар бейбітшілік пен келісімнің қоғам тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті.

14 сентября 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА ТАРАЗ – ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 14 қыркүйекте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы «Қарахан» кесенесі аумағында «Таза Тараз – Таза қала» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

Қарахан кесенесі – Тараз қаласының тарихы мен сәулет өнерінің құнды мұраларының бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, кесене XI–XII ғасырларда Қарахан әулетінің негізін қалаушылардың бірі, билеуші Шах-Махмуд Қараханның құрметіне тұрғызылған. Ежелгі Тараздың тарихи келбетін айшықтайтын сәулет нысаны ретінде Қарахан кесенесі бүгінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды тарихи орындардың қатарында.

Экологиялық акция барысында Тараз қаласы Жастар ресурстық орталығының мамандары Қарахан кесенесінің айналасын тазалап, аумақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, кесене маңындағы тұрмыстық қалдықтар мен шашылған қоқыстар жиналып, аумақтың тазалығы қамтамасыз етілді.

Ізгі бастамаға ұйытқы болған Тараз қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбектің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.

– Тазалық – айналаны ретке келтіру ғана емес, адамның табиғатқа, туған жеріне деген көзқарасының көрінісі. Бүгін «Қарахан» кесенесі аумағындағы тазалық шарасына қатысқан әрбір азамат қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосты. Экологиялық мәдениет күнделікті әдеттен, қарапайым әрекеттен басталады. Егер әрқайсымыз қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарасақ, таза әрі жайлы қала қалыптастыруға бірге қол жеткіземіз, – деді Азамат Лесбек.

Акцияға 50-ден астам жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Нәтижесінде кесене аумағынан 1 тоннадан астам қоқыс шығарылып, айналасы тазартылды.

Айта кетейік, осындай экологиялық шаралар облыстың бірқатар аудандарында да ұйымдастырылуда. Еріктілер мен жастар ауыл көшелерін, өзен жағалауларын, орталық саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Акция барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарда тазалық сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуына ықпал етеді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48,5 мың жасыл желек отырғызылып, 7,5 мың шақырым көше жолдары тазартылды. Сондай-ақ 900 шақырымға жуық арық жүйелері мен каналдар ретке келтіріліп, 700 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағы абаттандырылды. Нәтижесінде 10 мың тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын нығайтуға зор үлес қосуда.

17 августа 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА МЕКЕН – ТАЗА БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 17 тамызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы «Ұлы Дала» ықшам ауданында «Таза мекен – таза болашақ» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

«Ұлы Дала» ықшам ауданы – еліміздегі ең ірі тұрғын алаптарының бірі. Бүгінде мұнда 40 мыңнан астам тұрғын тұрады. Соған сәйкес, ықшам ауданда түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеріп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында жасыл желектер, демалыс орындары мен серуендеу алаңдары орналасқан. Осыған байланысты мұнда абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Экологиялық акцияға қала жастары, еріктілер және жастар ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ықшам аудандағы №47 тұрғын үйдің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған бұтақтар мен тұрмыстық қалдықтарды жинады.

Ізгі бастамаға ұйытқы болған Тараз қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбектің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.

– Тазалық – айналаны ретке келтіру ғана емес, адамның табиғатқа, туған жеріне деген көзқарасының көрінісі. Бүгін «Ұлы Дала» ықшам ауданындағы сенбілікке қатысқан әрбір азамат қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосты. Экологиялық мәдениет күнделікті әдеттен, қарапайым әрекеттен басталады. Егер әрқайсымыз қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарасақ, таза әрі жайлы қала қалыптастыруға бірге қол жеткіземіз, – деді Азамат Лесбек.

Акцияға 50-ден астам жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Нәтижесінде ықшам аудан аумағынан 1 тоннадан астам қоқыс шығарылып, тұрғын үйлердің айналасы тазартылды.

Айта кетейік, осындай экологиялық шаралар облыстың бірқатар аудандарында да ұйымдастырылуда. Еріктілер мен жастар ауыл көшелерін, өзен жағалауларын, орталық саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Акция барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарда тазалық сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуына ықпал етеді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48,5 мың жасыл желек отырғызылып, 3,5 мың шақырым көше жолдары тазартылды. Сондай-ақ 831 шақырым арық жүйелері мен каналдар ретке келтіріліп, 685,5 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағы абаттандырылды. Нәтижесінде 6,9 мың тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын нығайтуға зор үлес қосуда.

 

.#TazaChallenge @TazaQazaqstan.

17 августа 2026
Басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдады

2026 жылғы 14 тамызда Басқарма басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, бірқатар өтініштерін жеткізді. Кездесу кезінде көтерілген мәселелер бойынша азаматтарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті ақпараттар толық ұсынылды.

Жеке қабылдау – азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тікелей тыңдап, оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Басқарма басшысы азаматтардың өтініштерін назарға алып, көтерілген мәселелердің қолданыстағы заңнама аясында шешілуіне тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары алдағы уақытта да белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

30 июля 2026
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі өтті

 2026 жылғы 29 шілде күні Тараз қаласындағы тарихи-мәдени мұра нысаны – «Қарахан» кесенесі аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі ұйымдастырылды.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу, тарихи-мәдени мұраларды қорғау және сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастардың қоғамдық белсенділігін күшейту.

Сенбілікке Жамбыл облысының жастары, Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері, волонтерлер, сондай-ақ Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан арнайы келген жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.

 Акция барысында қатысушылар «Қарахан» кесенесі аумағы мен «Жерасты мешіті» тарихи нысанының (Түйте каналы маңы) айналасында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандыруға өз үлестерін қосты. Олар қоқыстарды жинап, тарихи-мәдени нысандардың айналасын ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды.

 Республикалық жастар сенбілігінің қасиетті «Қарахан» кесенесі аумағында ұйымдастырылуы табиғатты қорғау ісін тарихи-мәдени мұраларға деген құрметпен ұштастыра отырып, қоғамның назарын экологиялық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтауға аударуға мүмкіндік берді.

Мұндай игі бастама өңірлер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, жастар саясаты саласындағы өзара әріптестікті дамытуға және жастарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді қатысуға ынталандырады.

28 июля 2026
Таразда «Тарихи өлкенің тазалығы» экологиялық акциясы өтті

Бүгін Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументі аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Тарихи өлкенің тазалығы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау, туған өлкенің табиғатына деген жанашырлықты арттыру, жастар арасында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Сонымен қатар бастама қоғамда тазалық мәдениетін насихаттап, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын кеңінен дәріптеуге бағытталған.

Экологиялық шараға жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар «Қазақ хандығы» монументінің аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді, жасыл желектерді тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Жиналған қоқыстар арнайы белгіленген орындарға шығарылып, тарихи нысанның айналасының санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны тазартумен ғана шектелмейтін, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық бастама. Мұндай игі шаралар әрбір азаматтың туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қоса алатынын көрсетіп, жастардың қоғамдық белсенділігі мен экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи және мәдени маңызы зор «Қазақ хандығы» монументінің аумағын таза ұстау – ортақ міндет. Осындай сенбіліктер тарихи мұраға құрмет көрсетудің, қоғамдық кеңістікті күтіп ұстаудың және экологиялық мәдениетті нығайтудың жарқын үлгісі болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы