Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басты мақсаты азаматтық қоғам институттарын дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Оның ішінде:
- саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру;
- әлеуметтік жобаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру барысында жұмыстар жүргізу;
- облыс әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі консультативті-кеңесші органның жұмысын үйлестіру;
- азаматтық қоғам институттарын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар өткізу;
- өңірде азаматтық қоғам институттарымен өзара ықпалдастықты дамыту мәселелері бойынша талдамалы ақпараттар, анықтамалық-әдістемелік материалдар әзірлеу;
- саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне талдау және мониторинг жүргізу, үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастырушылық-тәжірибелік, әдістемелік, ақпараттық қолдау көрсетуді үйлестіру;
- бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті органдармен өзара іс-қимыл жасау, бөлімнің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу;
- облыс аумағында қызмет атқаратын халықаралық ҮЕҰ-ның жұмысын талдау және мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жүргізу;
- саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен қоғамдағы өзекті мәселе бойынша сұхбат-диалог форматында «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру;
- бөлімге түскен арыз-шағымдарды және хаттарды орындау;
Басқарманың ресми сайтына бөлімге қатысты ақпараттарды орналастыру.