Меню

Страницы

Статья

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының

хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері

 

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері мекендейді,               75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олардың 34 қоғамдық аккредиттеуден өтіп, Ассамблея тізіміне енген.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының  хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім  қоғамды ұйыстыру, бірлікті қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттік азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде іске асыру бағытында жұмыс жасайды.

Оның ішінде, этносаралық шиеленістің алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді, этносаралық қатынастар саласындағы талдамалық және болжамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

Аймақтағы этникалық топтар туралы ақпараттық мәліметтер базасын жинақтайды.

Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша республикалық және аймақтық іс-шараларды (семинарлар, конференциялар, жобалар, акциялар т.б) ұйымдастырады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады (оның ішінде, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арасында ақпараттық тапсырыс беру, сондай-ақ халықтың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу үшін ақпараттық-түсіндіру топтарымен).

«Қоғамдық келісім» КММ аймақтағы мемлекеттік этносаясатты іске асыруға жәрдемдеседі,  Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған Қазақстан халқы ассамблеясының бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырып, өткізеді.                                      

Ұлт өкілдері көп шоғырланған аудандардағы әрбір ауылда тұрғындарды келісімге шақыру және олардың мәселелерін қарауға жергілікті қоғамдық пікір көшбасшылары мен ақсақалдардың әлеуеті кеңінен пайдаланылып, Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. «Қоғамдық келісімге» қарасты Кеңестер пен клубтар саны- 7.

Жұмыс сапасын арттыруға бағытталған бұл қатарда – ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, шеберлер клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты, қоғамдық келісім, медиаторлар және аналар кеңестері жұмыс жүргізуде.

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАЙТЫН ЛАУАЗЫМДАР
14 июля 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
20 мая 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы