Меню

Страницы

Статья

«Рухани жаңғыру»

«Рухани жаңғыру»

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №24 қаулысына сәйкес, «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, Жамбыл облысының Әділет министрлігі Тараз қалалық Әділет басқармасының 2019 жылғы  07 наурыздағы  №190340008022 тіркеу нөмірі негізінде құрылды. Мекемеде «Қоғаммен байланыс» және «Жобаларды ілгерілету» бөлімдерімен қатар, басшы, басшы орынбасары, бухгалтер барлығы 10 қызметкер жұмыс істейді.

Мекеме қызметінің мәні қоғамдық сананы жаңғырту болып табылса, мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру болып табылады. Мекеме Бағдарламаның 3 бағыт, 11 арнайы жоба, ал, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының 6 арнайы жобаларын жүзеге асырады.

Анықтама үшін: РЖ 3 бағыт – 1. Тұлғаны дамыту («Сананың ашықтығы», «Білімнің салтанат құруы», «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік»), 2. Ұлттың дамуы, халықаралық позициялау («Ұлттық бірегейлікті сақтау»), 3. Мемлекеттің, азамматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастардың дамуы (Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы), 11 арнайы жоба – «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы замануи Қазақстандық мәдениет», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Ауыл – ел бесігі», «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем – қоғам қуаты», «Еңбек елдің – мұраты», «Құқықтық мәдениет». ҰДЖҚ 6 арнайы жобасы - «Архив - 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі», «Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялар музейі», «Түркі әлемінің генезисі».

Бағдарламаны іске асыру аясында жобаларды (іс-шараларды) жоспарлау, іске асыру, сүйемелдеу, оларды іске асыруды мониторингілеу және талдау, ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны іске асыру барысында іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті басқармалар, жоғары оқу орындары, Тараз қаласы мен аудандар мен тығыз жұмыстар жүргізіліп, нақты тапсырмалар беріледі. Консультанттар мемлекеттік органдарда бекітілген мамандармен тығыз байланыста болып, іс-шараларды, жобаларды жүзеге асыру барысында бағдарламаның міндет, мақсаттары бойынша бағыт бағдар береді. Жоғарыда айтылған арнайы жобаларға ай сайын есебін жүргізіп, тоқсан сайын мониторинг жасап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдайды. Барлық іс-шараларды аудандық, облыстық, республикалық ақпараттық порталдар, баспасөз беттері мен телеарналарда ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жандандыруды жүзеге асырады. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі республикалық және облыстық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды. Өткізілетін іс-шаралардың сапалық құрамын бақылайды, жұмсалған қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайды.

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАЙТЫН ЛАУАЗЫМДАР
14 июля 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
20 мая 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы