Меню

Страницы

Статья

Идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімі

Идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімі

Идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімі ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру, қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бағытында жұмыс жасайды.

Оның ішінде, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топтардың  құрамын жасақтап, олардың елдімекендерге шығу кестесін әзірлейді және елдімекендерге шығуын бақылайды. Ақпараттық-насихаттық топтарды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етеді. Мемлекеттік салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құхаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттауды үйлестіреді.

Облыста мемлекеттік және кәсіби мерекелер, мерейтойлар мен атаулы күндер бойынша іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қадағалайды, мерекелік шараларды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тиісті тармақтардың орындалуын  бақылайды. Ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық тұрғыда сүйемелдейді.

Облыста мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына мониторинг жүргізеді, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіреді. Жылына 2 рет комиссия отырысын ұйымдастырады. Жоспар бойынша мекемелерге тиісті консультациялық жұмыстар жүргізеді.

Облыста мерейтойлар мен мерекелер, мемлекеттік бағдарламалар бойынша сыртқы көрнекі-ақпарат құралдарының эскиздерін әзірлеп, қала, аудандарға жолдайды. Олардың жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізеді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық/қалалық кезеңінің өтуін бақылайды және жұмысшы органы ретінде байқаудың облыстық кезеңін өткізеді.

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАЙТЫН ЛАУАЗЫМДАР
14 июля 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
20 мая 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы