«Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында және Тараз қаласында телеарналар, мерзімді баспа басылымдар (газет, журнал) және интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 1, 3 қабат, 306-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ кеңсесі 2025 жылы 19 наурыз күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 1, 3 қабат мекенжайы бойынша 2025 жылы 20 наурыз күні сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.