Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2023 жылғы 20 қыркүйек күні Тараз қаласы Ы. Сүлейменов №1 мекенжайда орналасқан ғимараттың 1-қабатындағы мәжіліс залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Басқарма бөлімдерінің және қарамағындағы КММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүргізілуде.

Дата публикации
14 сентября 2023