Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына 1-қосымша
2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру |
8,0 млн. т.г. |
1. Облыс әкімінің қатысуымен коммерциялық емес ұйымдар іске асыратын мемлекеттік тапсырысты орындау туралы кеңестің № 134 хаттамасының 2.3-тармағы; Аймақтық ҮЕҰ ұсыныстары |
1. Жастар 2. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар 3. Халықтың әлеуметтік осал топтары Жас отбасылар |
Жоба аясында 15-тен аса іс-шаралар ұйымдастырылып, 500 астам адам қамтылатын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін 15 әртүрлі салалардан мамандар тартылады. 50 астам мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Жұмыс істейтін әйелдерінің өңірлік форумы өткізілетін болады. 60 аса облыс тұрғындарына білікті заңгер мен психологтардың консультациялары беріледі. |
|
2 |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру |
8,0 млн. тг. |
1. 2022 жылдың 26 қазанында облыс әкімінің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасының 5 тармағы; «Amanat» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 21 тармағы |
1. Жастар 2. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар Өңір тұрғындары |
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларға арналған орталықтың жұмысын ілгерілету. Жоба аясында қала мен аудандарды семинар-тренингтер, кеңестер және қоғамдық талқылаулар атқарылады. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті арттырады және әлеуметтік желілерде арнайы ақпараттық жұмыстар атқарылады. |
|
3 |
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру |
10,0 млн. тг. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті органның – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ауылдық елді мекендерде адам құқықтарын іске асырумен жағдайға талдау жүргізу және азаматтарды шешімдер қабылдауға тарту жөніндегі ұсынымдары. |
Қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындары |
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларға арналған орталықтың жұмысын ілгерілету. Жоба аясында 11 ауданды көшпелі семинар-тренингтер, кеңестер және қоғамдық талқылаулар атқарылады. Халық арасында медиациялық қызметтеріне қызығушылық артады және әлеуметтік желілерде арнайы ақпараттық жұмыстар атқарылады.
|
|
4 |
Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру (ұзақ мерзімді жоба 2024-2026 ж.) |
11,0 млн. тг. |
1. Ардагерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары; 2. Облыс әкімінің қатысуымен коммерциялық емес ұйымдар іске асыратын мемлекеттік тапсырысты орындау туралы кеңестің № 134 хаттамасының 2.1-тармағы; 3. Аймақтық ҮЕҰ ұсыныстары |
1. Ардагерлер ұйымдары 2. Жастар 3. Өңір тұрғындары |
Жоба аясында ардагерлер ұйымына қолдау көрсетіліп, егде жастағы адамдардың әлеуметтік өмірге тартылуына септігін тигізеді. Орталық арқылы ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, еріктілікке баулиды және ардагерлерге тиісті қызметтер алуға көмектеседі. Ардагерлерге білікті мамандардың тартуымен түрлі консультациялар көрсетіліп, оларға арналған 10-нан аса іс-шаралар өткізілетін болады. Жобаны жүзеге асыру үшін 5-тен аса адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. 50 аса ардагерлерге білікті заңгер мен психологтардың консультациялары беріледі.
|