І. Жалпы ережелер
Осы Ереже көркем әдебиетті басып шығару, тарату және насихаттау тәртібін және оған қатысу шарттарын айқындайды.
ІІ. Негізгі талап
2.1. Автор өзі ұсынған туындыны төмендегі белгіленген шарттар бойынша береді:
1) Туындыны шығаруға (баспадан басып шығару құқығы);
2) Облыс аумағында таратуға, насихаттауға;
3) Туындыны жария көрсетуге;
4) Туындыны баспасөз беттерінде, интернет-порталдарда насихаттау, эфир арқылы немесе кабель арқылы хабарлауға;
5) Туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізуге (кітаптардың жарық көргені туралы мәліметті ақпарат кеңістігінде тарату);
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға.
2.2. Авторлардан өтініштерді жинақтау, комиссия отырыстарын ұйымдастыру, өтініштерді қарау, кітаптың мәтіні мен мазмұнын Комиссия қорытындысымен барлық құжаттарды қарастыру «Ішкі саясат басқармасы» КММ тарапынан жүзеге асырылады.
ІІІ. Авторларға қойылатын талаптар
Жамбыл облысының тұрғыны болып саналатын автор бұрын жарияланбаған туындысын (проза, поэзия, әдеби сын, драматургия) ұсынуға құқылы.
Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Автор:
1) Автор белгіленген мерзім ішінде туындылар жинағын Ережеде көрсетілген мекенжайға тапсыруға;
2) «Ішкі саясат басқармасы» КММ мен «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ-не туындының таралуына, насихатталуына кедергі келтірмеуге;
3) Ұсынылған кітапты 3 жыл мерзімде өзге баспаларға түрлі шарттар арқылы ұсынбауға;
4) Негізгі талап-шарттың 3-4 тармақшаларында көрсетілген талаптың сақталатындығы туралы жазбаша кепілдік беруге;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан авторлық құқықты алуға, сондай-ақ туындыдағы мәтіндік, грамматикалық, орфографиялық және каллиграфиялық және басқа да қателер үшін жауапты.
Комиссия:
1) Автордың ұсынған туындыларын комиссия шешімі бойынша «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ-не кітап түрінде шығаруға ұсынады;
2) Комиссия «Ішкі саясат басқармасы» КММ, «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ мен автордың арасындағы келісімнің сақталуын бақылауға;
3) Автор көрсетілген шарттарға бағынбай, шарт тәртібін бұзған жағдайда «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ-сі автормен арадағы кітап шығару мәселесіне байланысты келісімшартты бұзуға;
4) «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ арқылы кітаптарды республика бойынша барлық кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға таратуға құқылы.