Жамбыл облысының әкімдігі үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді ұсынудың кезекті есепті кезеңі басталғаны туралы хабарлайды. Мәліметтерді ұсыну мерзімі 2023 жылғы 31 наурызда аяқталады.
Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдардың есептің электрондық нұсқасын https://infonpo.gov.kz веб-порталында уақтылы толтыруына қеңес беріледі.
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.