Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы (Бұдан әрі - Басқарма) комуналдық мемлекеттік мекемесінің (Бұдан әрі – КММ) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы

 

        

         05.08.2022 жылы Басқармаға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен (бұдан әрі - Агенттік) ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Easy Project» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі үлгілік базалық бағыттағы жобалардың №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» тобының іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі келіп түсті.

2022 жылғы 11 тамыздағы Басқарма басшысының №40 бұйрығымен, Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша ішкі талдау жүргізу және оны жүргізетін жұмыс тобының құрамы мен жауапты лауазымды тұлғаны анықтау туралы шешім қабылданды.  

Талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 11 тамыз - 11 қыркүйек аралығы.

Талданатын кезең: 2022 жылғы 1 қаңтар – 11 қыркүйек.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Басқарманың келесі бөлімдері мен қарамағындағы КММ қызметіне жүргізілді:

  1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімі;
  2. Идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімі;
  3. Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімі;
  4. Қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімі;
  5. Әкімшілік және қаржы шаруашылық бөлімі;
  6. Қазақстан ассамблеясы хатшылығының-этносаралық қатынастар жөніндегі мәселелер бөлімі;
  7. «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ;
  8. «Рухани жаңғыру» жобалық офисі КММ Жамбыл облысы әкімдігінің 25.08.2022 жылғы №192 қаулысымен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ қосу жолымен қайта ұйымдастырылған;
  9. «Қоғамдық келісім» КММ.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2-тарауының 8-тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Басқарма бөлімдерінің және қарамағындағы КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар);
  2. Басқарма бөлімдерінің және қарамағындағы КММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын іске асыру, бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі – Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі.

Дискрециялық норма - Лауазымды тұлға өз қалауы бойынша жүзеге асыра алатын өкілеттіктер.

         Басқарма бөлімдерінің және қарамағындағы КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңы; Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы №418-V Заңы; «Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №159 бұйрығы; «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 Заңы; «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы; «Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығы; «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңы; «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңы; «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267 Қазақстан Республикасының Заңы; «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі №344 Заңы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Қазақстан Республикасының Заңы; «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңы;  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы; «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы; «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;  «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы; «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы; «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Қазақстан Республикасының Заңы;  «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығы; «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы; Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексі.

Басқарма бөлімдерінің және қарамағындағы КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша ұсынымдар:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасу мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен құрылатын мемлекеттік органның конкурстық комиссияның оң қорытындысының нәтижесі арқылы болуында.  

Ұсыным: «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасу, лауазымдық өкілеттіктер шеңберінде өткізілетін тесттің ең жоғарғы нәтижесінің арқасында жүзеге ассын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына келесідей өзгерістер енгізілсін. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 27-бабының 2-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын – лауазымдық өкілеттіктер шеңберіндегі тест. Сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27-бабының 1-1-тармағы алынып тасталсын, өйткені Конкурстық комиссияны құру және оның қызметі ұсынылған өзгерістер енгізілгеннен кейін қажет етілмейді. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27-бабының 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын – Лауазымдық өкілеттіктер шеңберіндегі тестте ең жоғары баллды алған конкурсқа қатысушының "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға құқығы бар. Тағайындау құқығы бар лауазымды адам оны жарияланған мемлекеттік лауазымға қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптар сақталуға тиiс.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығына сәйкес, азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылуында.

Ұсыным: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығының күші жойылсын. Азаматтық қызметке кіру тәртібі қайта қаралып, келесідей жүйеленсін. Облыс әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары өңірдегі жұмыссыз азаматтардың тізімін жасақтасын және мемлекеттік мекемелердегі азаматтық қызметкерлердің бекітілген штаттық лимитіндегі бос азаматтық қызметтің белгілі бір біліктілік талаптарын қажет ететін лауазымдарына конкурстар жарияласын. Конкурспен көзделген бос азаматтық лауазымға, лауазымдық өкілеттіктер шеңберінде өткізілетін тестілеуден ең жоғары балл алған адам орналастырылсын. Лауазымдық өкілеттіктер шеңберінде өткізілетін тест электрондық есептеуіш машинада арнайы электрондық бағдарламамен өткізілсін. Белгілі бір біліктілік талаптарын қажет етпейтін азаматтық қызметтің бос лауазымдарына орналасу кезектілік тәртібімен, өтініш негізінде жүргізілсін.      

Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Басқарма бойынша 2022 жылғы бюджет - 1 170 044,6 мың теңгені құрады. Жалақы қоры – 121995,6 мың теңге; Іс-сапар шығындары – 4899,5 мың теңге; Жанар-жағармай сатып алу – 908,4 мың теңге; Өзге де қорларды сатып алу (кеңсе және шаруашылық тауарлары) – 2300,0 мың теңге; Комуналдық қызметтер (жарық, жылу жүйелері, суық су және канализация қызметтері, телефон, интернет байланыстары қызметтері) – 7 108,2 мың теңге; Негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету, сайт пен бағдарламалық қызметтермен қамтамасыз етуге қызмет көрсету, іс-шараларға және т.б. – 69025,0 мың теңге; өндірістік құрал-саймандар сатып алу – 25 443,6 мың теңге; Материалдық емес активтерді сатып алу – 212,0 мың теңге; Материалдық активтерді сатып алу – 1132,0 мың теңге;Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызметтер – 21 110,6 мың теңге; Ақпараттық саясат қызметтеріне – 891 969,0 мың теңге; Сурдоаударма қызметеріне – 23900,0 мың тенге, Басқа да ағымдағы шығындар – 10,0 мың теңге; Міндетті сақтандыру жарналары – 30,7 мың теңге.

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ бойынша 2022 жылғы бюджет - 82807,0 теңгені құрады. Жалақы қоры – 41779,2 мың теңге; Іс-сапар шығыстары –2173,5 мың теңге; Отынды сатып алу, негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету, үй-жайды жалға алу, сайт пен бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету –29 757,9 мың теңге.Материалдық активтерді сатып алу – 9061,0 мың теңге

«Рухани жаңғыру жобалық офисі» КММ бойынша2022 жылғы бюджет 37944,00 теңгені құрады. Жалақы қоры – 18956,00 мың теңге; Іс-сапар шығыстары – 963,00 мың теңге; Отынды сатып алу, негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету, үй-жайды жалға алу, сайт пен бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету – 18025,00 мың теңге.

«Қоғамдық келісім» КММ бойынша 2022 жылғы бюджет 178 556,0 мың теңгені құрады. Жалақы қоры (әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру қоры, өтемақы төлемдері ) – 83 261,0 мың теңге; Іс-сапар шығындары – 2000,0 мың теңге; Жанар-жағармай сатып алу – 921,0 мың теңге; Өзгеде қорларды сатып алу (кеңсе және шаруашылық тауарлары) – 1500,0 мың теңге; Коммуналдық қызметтер (жарық, жылу жүйелері, суық су және канализация қызметтері, телефон, интернет байланыстары қызметтері) – 24 430,0мың теңге; Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу (негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету,сайт пен бағдарламалық қызметтермен  қамтамасыз етуге қызмет көрсету, бейне бақылау қамералары мен лифт, өрт дабылы қызметтері және  т.б) – 4 456,0 мың теңге; Басқа да ағымды қызметтер (іс-шаралар) – 57 988,0 мың теңге; Этносаралық әлеуметтік зерттеулер (Жамбыл облысы бойынша) - 4000,0 мың теңге.

Басқарманың ішкі құжатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Мүдделер қақтығысын реттеу – Басқармада ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 51-бабына сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету (жасырын мемлекеттік қызмет көрсету) – Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі №221 қаулысымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» комуналдық мемлекеттік мемекемесінің Ережесіне сәйкес Басқармаға мемлекеттік қызмет көрсету функциялары берілмеген.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі №221 қаулысымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» комуналдық мемлекеттік мемекемесінің Ережесіне сәйкес Басқармаға рұқсат беру функциялары берілмеген.

Бақылау функцияларын іске асыру - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі №221 қаулысымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» комуналдық мемлекеттік мемекемесінің Ережесіне сәйкес Басқармаға бақылау функциялары берілмеген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы
Дата публикации
17 октября 2022