Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында және Тараз қаласында мерзімді баспа басылымдары (газеттер), телеарналар және интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 143а-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе 26 мамыр 2022 жылғы сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер мына Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 143а-үй, 306-кабинет мекенжайы бойынша 27 мамыр 2022 жылғы сағат 10:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 45-тармағына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.