Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің (БАҚ) міндеттері:
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша әдістемелік материалдардың әзірленуін ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарына, жергілікті басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету, барлық тоқсандық, айлық есептерді дайындау, ақпараттар мен есептерді әзірлеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау, бұқаралық ақпарат құралдарында заңдылық талаптарының сақталуын қадағалайды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштерін ашатын іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында арнайы тақырыптық медиа-жоспарларды әзірлейді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңес» отырысын өткізеді.
Аймақта мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелер мен атаулы күндерге және басқа да қоғамдық-саяси іс-шаралар мен жиындарға БАҚ қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыни бағыттағы материалдарға талдау жасау, облыс әкімінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуін, жеке кәсіпкерлердің газет ашу туралы өтініштерін қарау, белгіленген тәртіпте келіп түскен азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарауды, құжаттармен жұмыс барысында қызметтік және мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауды қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАРАЙТЫН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
Облыста 2025 жылы барлығы: 76 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етеді (оның ішінде: 5 мемлекеттік, 71 мемлекеттік емес).
Мерзімді басылымдар саны (газеттер) – 40
Мерзімді басылымдар саны (журналдар) – 10
Ақпараттық агенттіктердің саны – 22
Электронды ақпарат құралдарының саны – 3