GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 мая 2024
Қазақстан Республикасының су ресурстары және ирригация министірлігінің суға ұқыпты қарау және оны ақылға қонымды пайдалану бойынша бейнероликтері

\

25 сентября 2023
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

📌Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

 

🔹Жастарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

 

🔹Іріктеуге қатысуға өтінім берудің аяқталуына 5 күн қалды. Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:

 

1️⃣ жоғары білім туралы диплом;

2️⃣ еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

3️⃣ В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ бойынша жарамды сертификат.

 

❗️Тіркелу және өтінімді беру барысында сұрақтар туындаған жағдайда үміткер 24/7 жұмыс жасайтын pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo сайт немесе +7️⃣ 7️⃣0️⃣8️⃣ 0️⃣9️⃣6️⃣ 7️⃣0️⃣ 7️⃣0️⃣ нөмір бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.

25 сентября 2023
Аэротүсірілім жұмыстары жүргізілуде

2023 жылдың қыркүйек және қазан айларына облыстың 7 аудан орталығына яғни Б.Момышұлы, Мойынқұм, Қордай, Меркі, Құлан, Аса, Сарыкемер ауылдарына жоспарланған масштабы 1:500 болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірлім жұмыстары «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылына 20-23.09.2023ж жүргізіліп, қазіргі уақытта 25.09.2023ж Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылына ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілуде.

19 сентября 2023
Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Тараз қаласы Ұлбике ақын көшесі тұрғындарының өтініші негізінде, облыс әкімнің орынбасары Е.Ибрайхановтың тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топпен (Тараз қаласының прокуратурасы, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сәулет және қала құрылысы басқармалары, қала әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы бөлімдері) Тараз қаласы Ұлбике ақын көшесі №40 «а» мекенжайда орналасқан үйдің маңында «Ұшбұлақ» қаналының үстіне орналасқан көпір өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілгені анықталды.
Нәтижесінде, Тараз қаласының сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне аталған мекенжайдың барлық құжаттарын зерделеп, сотқа талап арыз ұсыну ескертілді.
Сонымен қатар аталған мәселе басқарманың толық бақылауында болады.

08 сентября 2023
"Хабар 24" телеарнасына сұхбат берілді

Бүгін басқарманың бас жоспарды дамыту бөлімінің бас маманы Абдурахманов Ерік Көшкімбайұлы "Хабар 24" телеaрнасына, "Тұрғын үй саласындағы, үлестік қатысу туралы және үлестік құрылысқа қатысты басқармадағы көрсетілетін қызметтер туралы" түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұхбат берді.

06 сентября 2023
Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Шу ауданы, Шу қаласының негізігі көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сәулеттік келбетін және көше бойындағы нысандарға келушілер мен тұтынушылардың жүріп тұруына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жол бойында орналасқан нысандардың жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей, авто көлік тұрақтары мен аулаларын абаттандыру және қас беттерін жаңартуды қажет ететін нысандарды ретке келтіру бойынша эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыныстар енгізілетін болады.

25 августа 2023
«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өтті

2023 жылдың 25 тамызында, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы @aitkazy_karabalaev пен басқарма қызметкерлері 

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» акциясына орай азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

 

🔰 Қабылдауда болған жеке тұлғалар⤵️

 

🔰 Көпбесова Салтанат

🔰 Қырықбаев Рахман

🔰 Байтуханбетов Аскар есімді азаматтар.

 

Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері қаралып жауапты мемлекеттік органдарға жолданды.

25 августа 2023
"Мектепке жол акциясы" өтті

Сәулет және қала құрылысы басқармасында "Мектепке жол акциясы" Республикалық қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса" ұранымен өтті.

 

Аталған акцияның мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ, олардың мектепке жолы қуанышты болу үшін балаға шынайы қамқорлықпен назар аудару.

 

2 сынып оқушысы Гришина Эвелинаға, басқарма басшысы А. Қарабалаев

мектеп құралдарын табыстады.

24 августа 2023
«Ашық есік күні» акциясы өтеді

25.08.2023ж.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бақармасында «Ашық есік күні» акциясы өтеді.

Акция аясында басқарма басшысы мен басқарма қызметкерлері азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды.

 

Күні: 25 тамыз 2023 жылы

Уақыты: сағ.10:00-17:00 аралығы

Мекенжай: Тараз қ, Төле би 35А

Байл.ном: +7(7262) 43-78-79

23 августа 2023
Аппараттық кеңес өтті

Басқарма басшысы А.Қарабалаев басқарма қызметкерлерінің қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

 

Кеңес барысында, үлестік құрылыс мәселері қаралып, сонымен қатар 53 елді мекеннің бас жоспарларын цифрландырып, Геопорталға енгізу жұмыстарын 2023 жылдың қыркүйек айында аяқтауды тапсырды.

Социальные сети
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы