Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2020 жылы атқарған жұмыстары

Елді мекендердің бас жоспары мен оңайлатылған сызба жобалары.

   Жамбыл облысында  371 елді мекен бар, о.і  366 елді мекен бас жоспар және оңайлатылған сызба жобаларымен қамтамасыз етілген (халқының саны 5 мыңнан асатыны– 32 елді мекен,  5  мыңға дейінгі – 339) Шу ауданының 5 елді мекеннің(Алайғыр, Эспе, Құлақшын, Аспара, раз.Құмөзек) оңайлатылған сызба жобаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

          Мәлімет үшін: Нәтижесінде, 2020 жылы облыс елді мекендерінің қала құрылысы жобаларымен қамтылуы 100 % құрайтын болады.

            2020 жылы «Қала және  ауылдық елді мекендерде құрылыс салу, қала құрылысын жоспарлау» 3.01-01-2013 ҚР ҚНЖЕ режесінің 4 тарауы 4.1.3.1.22 тармақшасына сәйкес бас жоспар және оңайлатылған сызба жобаларының пайдалану мерзімі 5-7 жыл болуына және жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер теліміне кезекке тіркелген азаматтардың өсуіне байланысты, аудан әкімдіктері тарапынан барлығы 29 елді мекеннің бас жоспар және оңайлатылған сызба жобаларына түзету енгізу жоспарға енгізіліп, жыл соңына дейін бекітілетін болады.

            Атап айтқанда:

            Байзақ ауданы –3 (Құмжота, Бурыл, Түймекент),Жамбыл ауданы – 4 (Шайқорық, Гродеково, Еңбек, Бесжылдық), Жуалы ауданы – 4 (Б. Момышұлы, Қарасаз, Көлбастау, Қайрат), Қордай ауданы –5 (Жамбыл, Қаракемер, Степное, Қарасу, Арал), Меркі ауданы –5 (Андас батыр, Қостоған, Кескентоған, Аққайнар, Сұрат), Мойынқұм ауданы –1(Мойынқұм),Т.Рысқұлов ауданы –1(ст. Луговой),Сарысу ауданы –1(Саудакент),Талас ауданы –5(Ақкөл, Есейхан, Қасқабұлақ, Көктал, Майтөбе).

           

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру және жүргізу;

          «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын» құру және жүргізу бойынша  2018 жылы іс-шаралар Жоспары бекітілді.

          Бекітілген іс-шараға сәйкес, қалалар  мен аудан орталықтарының 24 105 гектардың 23, 626 га құрылысы салынған аумақтың инженерлік жүйелерін түгендеу жұмыстары атқарылды (Төле би ауылы-479 га желтоқсан айында аяқталады).

          Қазіргі таңда, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК Жамбыл облысы филиалы мен Тараз қаласы аудан әкімдіктері арасында қабылдау-өткізу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық базасына енгізілуде.   

          Ендігі кезекте, 2021 жылы халықының саны бес мыңнан жоғары елді мекендердің және аудан орталықтарына қосылған алқаптардың инженерлік жүйелерін түгендеу жұмыстарын жүргізуге Өңірлік жоспары әзірленіп, тиісті министрлікке келісуге ұсынылды.                                           

     

Өңірлік геоақпараттық жүйені (Геопортал) қалыптастыру туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ бірлесіп бекіткен «Жергілікті атқарушы органдардың Геопорталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға» сәйкес, облыстың «Өңірлік геоақпараттық жүйелерін» (бұдан әрі-геопортал) әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

          Бүгінгі күнге, «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан облыс орталығы Тараз қаласының геопорталының техникалық платформасын өрістету жұмыстары жүргізіліп, аталған геопорталы e-jambyl.kz домендік атауы қалыптастырылып, іске қосылды. 

                Аталған геопорталға Тараз қаласы бойынша қала құрылысы жобалары, функционалдық, бағалау, қорғау аймақтары, инженерлік желілерді түгендеу шекаралары, бос жер телімдері туралы ақпараттар, ғимараттар мен көше жолдары желісі енгізіліп, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары жүргізілді.

          Жамбыл облысының геопорталы қалыптастырылып,  желтоқсан айында іске асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, ашықтығын қамтамасыз ету және  халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, Тараз қаласы бойынша-5, аудандар бойынша-2 мемлекеттік қызметтер цифрландырылып геопорталына енгізіліп, геопортал арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, атап айтқанда:

          Cәулет және қала құрылысы саласына қатысты,

         - «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»

         -Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»

          Жер қатынастары саласы бойынша

       - «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»

        - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

        - «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

        Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен геопортал ақпараттық жүйесіне төмендегідей мемлекеттік қызметтер енгізілетін болады:

          Тараз қаласы мен аудандар бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) Эскиздік жобаны келісуден өткізу;

2)Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну болып табылады);

3) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

4) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру);

5) Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;

6) Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

         Жер қатынастары саласында:

7) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

8) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

9) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу);

10) Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату;

11) Жер учаскесін алу бойынша кезекке қою.

           Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес,  Геопартал ақпараттық жүйесі іске асқан кезде сәулет және қала құрылысы саласына қатысты мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдері қысқармайды.

          Жалпы бүгінгі күнге, Тараз қаласының өңірлік геоақпараттық жүйесін әзірлеу жұмыстары  95,83% құрады.            

          Ендігі кезекте, Жамбыл облысының (Тараз қаласымен аудандар) Геопорталын құру және іске асыру үшін, облыстық бюджеттен қажетті қаражат қазан айына қарастырылып, аудандардың геопорталын қалыптастыру жұмыстары басталды.

           Жоғарыда аталғандарға байланысты, Тараз қаласының геопорталын аяқтау және аудандардың геопорталының І кезеңін дайындау жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айының 21-желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. Аталған, e-jambyl.kz домендік геоақпараттық жүйесін пайдалану туралы видео нұсқаулықты Youtube каналынан https://www.youtube.com/channel/UCyIS__QxzHy4-o2H2gWOtWw/videos сілтемесі арқылы көруге болады. Егер де, геоақпараттық жүйені қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда басқарманың (сәулет және қала құрылысы басқармасының) әлеуметтік желідегі парақшалары, Facebook:  https://www.facebook.com/uagajo Instagram:  https://www.instagram.com/ сілтемесі арқылы  және 109 қызмет орталығымен хабарласа аласыздар.

ІV.Облыс бойынша құрылыс нормалары (қызыл сызық) бұзып салынған кәсіпкерлік нысандар;

           А.ж. облыс әкімінің берген тапсырмасын орындау мақсатында, Тараз қаласы мен аудан орталықтары және елді мекендерінің  2010-2019 жылдары аралығында бекітілген бас жоспар жобасына сәйкес, құрылыс салу шекарасы «қызыл сызық» нормаларын бұзып жүргізілген нысандарға облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің мамандары бірлесіп, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен, зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында 123 нысан анықталды.

            Облыс әкімі аппаратымен құрылыс салу шекарасы «қызыл сызық» нормасын бұзып және құрылысы заңсыз жүргізілген нысандарға қолданылатын шаралар туралы қадамдық іс-шаралар Жоспары бекітілді.

             Іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге жалпы 74 нысанға шара қолданылды  о.і. 35 нысанның меншік иелері өз еркімен бұзды, 39 нысан арнайы техника күшімен алынды, қалған 49 нысанға тиісті шара қабылдау үшін,  аудан әкімдіктері тарапынан  жұмыстар атқарылуда.

 Эскиздік жобалар бойынша

       Тараз қаласын дамыту, көркейту мақсатында «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің, «Көне Тараз» кешені мен «Қарахан баба» кесенесін байланыстыратын «Арбат- 3», Айтеке би көшесінің бойынан «Анаға тағзым» орталығы,«14 м.а» аумағынан «Біз біргеміз», «Дос-Нар» сауда орталығының маңынан «Қазақ халқына мың алғыс» монументтері, Аққозиев және Сыпатай батыр көшелерінің аралығында Арбат -1   кешендері мен жаяу жүргіншілер жолақтарының және қөпқабаты тұрғын үйлердің муралы, облыс аумағында әлеуметтік нысандардың(спорт-сауықтыру кешені, мәдениет үйі, мектеп, балабақша, көп қабатты тұрғын үйлердің) «Асар» оңалту сауықтыру орталығы, «Тараз Арена» спорт кешені аумағынан  «спорт қалашығы», «Қазақ хандығы»  аумағынан «Этно ауыл», «Майская роща» саябағы, «Оқушылар сарайы» , «Өнер үйі», «Локоматив», жеңіл атлетикалық «Манеж» және Тараз қаласындағы су тораптарының жағалауын қала тұрғындарына арналған демалыс және шомылу аймағына айналдыру бағытында, 8 каналды яғни, Сеңкібай, Қапал, Үшбұлақ, Қарасу-2, Базарбай, Түйте, Айша бибі бойындағы дренажды канал және Талас өзенінің абаттандыру эскиздік жобалары әзірленді.

           Сонымен қатар, аудан аумағына кіре беріс стелланың, Шу қаласының      даму жоспарының (саябақтарды қайта жаңарту, әлеуметтік нысндардың қас беттерін ретке келтіру  т.б) және Масаншы ауылының бас көшелеріндегі ғимараттардың қасбеттерінің эскиздік жобалары  әзірленді.

           Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, нысандардың сыртқы келбеттерін (фасад) жобалау барысында, нысанның пайдалану мақсатына сай болуын және заманауй талапта болуын қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілген болатын.      Аталған хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан облыс көлемінде жобаланылатын мектеп, балабақша, тұрғын үй, мәдениет үйі, спорт кешені нысандарының қасбеттерінің эскиздік жобалары әзірленіп, аудан әкімдіктеріне жұмыс барысында қолдану үшін ұсынылды.

            Осыған орай ,  бірқатар мектептің эскиздік жобалары басқарма тарапынан келісіліп, құрылыс-монтаж және сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
06 января 2021
Дата обновления
06 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 июня 2022
Діни қызмет саласындағы 2022 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы МАҚАЛА
Ақпарат
15 октября 2021
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы ақпарат

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы