Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасымен 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар шаралар қабылдануда.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершіліктерін арттыру және өздерінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау үшін пәрменді шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерінің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, нақты тапсымалар беріледі.

Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде ақпарат алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптарында стенділер орналастырылған.

Сонымен қатар, қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік ақпараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың интернет-ресурсында нормативтік құқықтық актілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына арналған арнайы бөлімдері ашылып, тиісті ақпараттармен толықтырылған және тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер толықтай электронды нысанда «Электронды үкіметтің» веб порталы арқылы жүргізіледі және қызметті беруші мен алушы арасында тікелей қатынас үзілген.

Оған қоса, жеке және заңды тұлғалардың кез келген өтініштері «eOtinish» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, қолданыстағы заңнамалар аясында нақты жауаптар беріліп тұрады.

Басқарма басшысымен 2024 жылы 12 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне ауызша түсініктеме берілді.

Басқармада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітіліп, ол интернет-ресурста жарияланды.

2024 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша талдамалық анықтама әзірленді.

Ішкі талдау нәтижесінде 3 ұсыным жинақталды. 3 ұсыным ұйымдастырушылық бағытта орындалатын шараларды қамтыды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың 4-ші Үлгілік базалық бағытында (ТБН4) атқырылып жатқан жұмыстар «Easy Project» ақпараттық жүйесінде жарияланды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері портал арқылы электронды түрде өткізіледі. Келісім-шарттар, жұмыстар және қызметтерді орындау актісі де электронды түрде жүргізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар электронды түрде «Ашық бюджет» порталында жарияланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар үнемі бақылауда болады.

Дата публикации
25 июня 2025