«Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).
Сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жургізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келесідей бағыттармен жұмыс жүргізілді.
- Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманың ұсынымдарын орындау (Мерзімі: тұрақты).
- Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша жұмыстарды орындау барысында Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет заңнамаларын сақтау (Мерзімі тұрақты).
- Мүдделер қақтығысына жол бермеу (Мерзімі: тұрақты).
- Басқарманың Ережесіндегі бақылау функцияларын іске асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген талаптарды бұзбау (Мерзімі: тұрақты).
- Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мерзімінде жауап беру, өтініште көрсетілген мәселелер Басқарма құзіретіне кірмесе, сол өтінішті заңнамаға сәйкес құзыретіне кіретін органға жолдау (Мерзімі: тұрақты).
- Жұмыс барысында жұмыстан тыс уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау (Мерзімі: тұрақты).