Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес басқармамен 3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
- 2 қызмет, «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» 2022 жылдың 12 айында басқармамен 3 мемлекеттік қызметке бас тартылды.
Оның ішінде:
- қағаз түрінде – 3 қызмет (100%).
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсету фактілері тіркелмеген.
Есепті кезеңде басқармамен бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша бұзушылық фактілері анықталмады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі тіркелмеген.
Түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 12 000 халықты қамтылған 10 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.