Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2022 жылдың 9 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2022 жылдың 9 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Тараз қ. 17.10.2022ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасында (бұдан әрі - басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
-
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы басқарма өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер қарастырады.
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: «Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 228 қаулысы танылады (бұдан әрі - Ереже).
Ережеге сәйкес, Басқарма миссиясы – Жамбыл облысы елді мекендерінің аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыру болып табылады.
Басқарманың міндеттері: Жамбыл облысы аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекет саясатын жүргізу, облыс аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің және дайындалған жобалау құжаттарының сапасын сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңына сәйкес сақталуын қадағалау, облыс аумағында сәулет және қала құрылысы жұмыстарын нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін қадағалау.
Мемлекеттік органның Ережесін қарастыру барысында Басқарманың қызметіне және оған байланысты нормативтік құқықтық актілерге (Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы», 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңдарына қатысты қызметіне талдау жасалынды.
-
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармада 2022 жылдың 9 айында жылдығында жеке құрам бойынша – 36, штаттан тыс қызмет бойынша –22 , өндірістік қызмет бойынша – 35 бұйрық тіркелген. 2022 жылдың 9 айында бұйрықтардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
-
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Басқармада 2022 жылдың 9 айында жылдығында кадрлардың ауысуы бойынша:
Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалпы штат саны - 7. Келісім шарт бойынша жалпы штат саны – 12. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тұлғаларға мемлекеттік қызметте тыйым салатын қатаң заңнамалық талаптың сақталуы бойынша Басқарма қызметкерлерінің жеке істеріне тексеру жүргізіліп (оның ішінде ҚР БП жанындағы ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ арқылы), ешқандай бұзушылық деректер анықталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарма қызметкерлеріне қатысты жағымсыз ақпарат орналастырылған жоқ.
Кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған. Ағымдағы жылдың наурыз ауында жаңа редакциядағы Әдеп кодексінің талаптары, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан, Басқарма қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
-
Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.
Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Мекеменің тікелей басшысы не ұйымның басшылығы жоғарыда аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды қабылдау қажет:
-
Жоғарыда аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттеуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;
-
Лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
-
Мүдделер қақтығысын жою бойынша өзгеде шаралар қабылдауға міндетті;
Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады. Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту» туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020ж №97 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20256 болып тіркелді) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2022 жылдың 9 айында 16 өтініш тіркелді.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» - 14 өтініш берушіге шешім берілді, 2 өтініштен бас тартылды.
-
Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша:
Басқарманың Ережесінде көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»
-
Бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша:
Басқармада бақылау функцияларына:
-
аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
-
сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
-
халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
-
облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
-
ведомствалық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
-
облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу;
-
облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келiсiм беру;
-
аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
-
елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
-
құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
-
облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
-
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен мәліметтер беру;
-
халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
-
салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу кіреді.
-
«дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
-
8. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер:
-
Мемлекеттік сатып алулар бойынша:
-
Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артуда, бұл бәсекеге қабілетті органның қалыптасуына, бюджет қаражатының ашық және тиімді игерілуіне ықпал етеді.
-
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік сатып алулар электрондық форматта яғни веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, осылайша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қағидаттарының бірі «жариялылық пен ашықтық сақталады»
-
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2022 жылғы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Басқарма басшысының 12.2021 жылғы №47-ө бұйрығымен бекітілген.
-
2022 жылдың 1 қаңтардан осы күнге дейін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 33 келісім шарт жасалған, 23 бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілген, 9 өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу, 1 ашық конкурс өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілді.
Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
Басқармаға 2022 жылдың 9 айында жалпы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 39 өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 25, заңды тұлғалардан - 14.
Өтініштердің басым бөлігі заңсыз құрылыс, жер мәселесі, бас жоспар бойынша түскен. Олардың барлығына ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңнамасына сәйкес жауап берілді.
Басқарманың сенім телефонына және арыз-шағымдарға арналған жәшіктерге өтініштер келіп түспеген.
Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Зағнамасы, «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары талаптарының сақталуын қадағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тиісті жұмыстар жүргізуде.
Есепті кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы, мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.
-
Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қаржы шаруашылық бөлімінің атқаратын қызметтеріне: қызметкерлерінің жалақыларын, еңбек демалысын дер кезінде есептеу, іс-сапар шығындарын есептеп бекітуге енгізу. Есептелген еңбек демалысын, қызметкерлердің жалақысын және іс-сапар шығындарын Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты қызметкерлердің карт-шотына өткізуді қамтамасыз ету. №2,5,6,8,9,13 мемориялдық ордерлерді ай сайын жүргізілуін тексеру. Бөлімге өткізілген ф-2, ф-3 жұмысты қабылдау актілері бойынша дер кезінде Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты мердігерлердің шотына аударуды қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есептің және есептеу жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қадағалау. Басқарманың айлық,тоқсандық және жылдық есептерін жасау,оларды қаржы басқармасына өткізу (баланс) кіреді. Атап өткен қызметтер мен есептерді ұсыну барысында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған.
-
Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.
Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Ұсыным:
-
Мемлекеттік сатып алу мәселері бойынша жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
-
Бір көзден сатып алу тәжірибесін жою.
-
Мемлеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңын насихаттау жұмысын жүргізу.
Дата публикации
17 октября 2022